«Қазақстан – ортақ үйіміз» достық фестивалі
А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебіндегі «Қазақстан – ортақ үйіміз» достық фестивалінің өткізілгені туралы хабарлама
Оқушылардың танымдылық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту, игі салт, әдептілік, инабаттылық қасиеттерін бойына сіңіру мақсатында сәуір айының 30 жұлдызында мектебімізде тілдер мерекесі күніне орай «Қазақстан – ортақ үйіміз» атты достық фестивалі өткізілді. Фестивальға 5-7 сынып оқушылары қатысты.
Алғашқы құттықтау сөз кезегін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Канибетова А.М алып, оқушыларды мерекесімен құттықтады. Барлық сынып оқушылары әр ұлттың киімдерін киіп, әр сынып өздеріне берілген ұлт өкілдерін таныстырып, салт-дәстүрін, биін көрсетіп қызықты өткізді.