«Балалар кітапханасы » бағдарламасы аясында
«
«20 минут кітап оқы,3 минут эссе жаз»
Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа»
«Балалар кітапханасы » бағдарламасы аясында ұйымдастырылған іс-шараға Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектеп оқушылары өз үлестерін қосуда. Солардың бірі 5 «А» сынып оқушылары. 2024 жылы наурыз айының 19 күні мектеп кітапханасында оқушылардың үзіліс кезінде 20 минут оқып, 3 минут эссе жазып кітап оқуға белсене қатысты. Кітапханашы көркем әдебиеттер тізімімен таныстырып, Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повестінен үзінділер оқып шықты. 20 минуттан кейін кітаптан алған білімдерін қағаз бетіне түсіріп, өз ойларымен бөлісті. Кітап оқуға, соның ішінде көлемді көркем әдебиеттерді оқуға қызығушылықтары артты. Кітап оқуға сүйіспеншілікпен қарап, алдағы уақыттарда да оқып жүруге ынталары қалыптасты.