13
февраль
2024
«Қатыгездіксіз балалық шақ» эссе байқауы
2024 жылдың 13 ақпан күні «Құқықтық тәрбие – құқық бұзушылықтың алдын алу» айлығының іс-шаралар жоспарына сәйкес А.Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектебінде 6-сынып оқушылары арасында «Қатыгездіксіз балалық шақ» тақырыбында эссе байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты: балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселелеріне қоғамның назарын аудару, балаларға қатысты қатыгездікке төзуге болмайтын қоғамның қарым-қатынасын қалыптастыру. Білім алушылардың барлығы шығармашылық қабілетімен ерекшеленіп, жазу сауаттылығының сапалы дәрежесін көрсете білді.