Қылқалам шебері
А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектеп
Шығармашылық - бұл адамның өмір шыңдығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеуі, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес жаратушы да. Мектепте өз өнерімен, білімімен танылып жүрген оқушылар қатары күннен күнге артуда. Солардың бірі 11 "А" сынып оқушысы Әкетай Амина. 5 ақпан күні А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде Әкетай Амина Дәуренқызының шығармашылық көрмесі өтті. Ол жауапкершілігі мол, әдепті, ақылды қыз. Ол бос уақытында сурет салғанды жақсы көреді. Көрменің мақсаты жас таланттарға қолдау көрсету үшін ұйымдастырылды.
![](/uploads/posts/2024-02/1707196489_1707196469592.png)