«Ерте жүктіліктің алдын-алу», «Тұрмыс» » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ерте жүктіліктің алдын-алу», «Тұрмыс»
17
январь
2024

«Ерте жүктіліктің алдын-алу», «Тұрмыс»

  Ағымдағы жылдың 17 қаңтар күні «Ерте жүктіліктің алдын-алу», «Тұрмыс» тақырыптары аясында Меркі АПБ ЖПҚБ ЮПТ инспекторы полиция лейтенанты Мұхтар Т, «Ұшқын» жастар денсаулық орталығының психологы Метеркулова А.Н. Салауатты өмір салты маманы А.Н.Мұхаметқалиева, әлеуметтік қызметкері Ш.С.Секербек, Орталық емхананың әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімінің психолог мамандары Ж.Рысбай, Д.Сатымбаеваның қатысуымен 8-11 сынып қыздарымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында қыз балалардың физиологиялық дамуы, денсаулығы, зиянды әдеттерден аулақ болу керек екендігін түсіндіре отырып, салауатты өмір салтын насихаттау, өз өмірін, денсаулығын сақтап, қорғай білуге шақырды. Сонымен қатар қазіргі таңда қоғамда өзекті мәселеге айналған ерте жастан тұрмыс құру, адамгершілік жыныстық тәрбие, педофилия мен сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, уақытылы көмекке жүгіну, қандай жағдайда да үндемей қалмай анасына, сынып жетекшіге, мектеп психологына жүгіну қажеттілігі ескертілді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: