Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У
08
январь
2024

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

Жамбыл облысы  әкімдігінің білім басқармасы  Меркі ауданы  білім бөлімі

«Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі уақытша бос лауазымға тағайындау үшін конкурс  жариялайды.


      Жамбыл облысы  әкімдігінің білім басқармасы  Меркі ауданы   білім бөлімі

«Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің уақытша (негізгі  қызметкердің жүктілігіне байланысты) бастауыш сынып мұғалімі лауазымына жүктемесі 16 сағ.

Мекеменің мекен жайы: Интернационал  ауылы  Талапты көшесі №1

Анықтама байланыс телефон номері : 8(72632)4-36-14, 87751664313

Электронды пошта :  Mektep.7inter @ yandeх.kz

Лауазымдық міндеттері: мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;

      білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;

      білім алушыда педагогқа құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтың аты мен әкесінің аты бойынша сыпайы қарым-қатынас немесе "учитель/мұғалім" тікелей қарым-қатынас арқылы қарым-қатынастың іскерлік стилі мен сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді;

      білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;

      пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды;

      бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу қорытындысы бойынша талдау жүргізеді;

журналдарды (қағаз немесе электрондық)толтырады;

      оқу үрдісінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;

      оқу процесінде қарапайым бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қосымшаларын пайдаланады;

      білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, Жүйелік-қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

      оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді;

      білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді;

      инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайды;

      ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдейді;

      арнайы білім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамудағы ауытқуларды барынша еңсеруге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады;

      интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады;

      әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;

      ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады;

      ата-аналарға кеңес береді;

      кәсіби құзыреттілікті арттырады;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;

      білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

      ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады;

      білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптар:  тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс стажына талап қоймастан, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат немесе біліктіліктің орташа деңгейіне жататын XI педагогикалық сыныбы бар 1995 жылға дейін орта мектепті бітіргені туралы құжат;

Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі: 08.01.2024-17.01.2024 ж.

Сағат 9:00 -18:00 үзіліс 13:00-14:00.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау  мерзімінде келесі құжаттарды электронды немесе қағаз түрінде жолдайды:

1)     Осы Қағидаларға 16-қосымша сәйкес нысан бойынша қоса берілетін хұжаттардың тізбесін көрсете отырып,Конкурсқа қатысу туралы өтініш; 

2)     Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық   құжаттар сервисінен алынған   электронды құжат (сәйкестендіру үшін)

3)     Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты,тұрғылықты мекен жайы менбайланыс телефондары көрсетілген – бар болса)

4)     Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарыа сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5)     Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса)

6)     «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша  денсаулық жағдайы  туралы анықтама  (Нормативтік құқықтық актілерді  мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген)

7)     Психонврологиялық ұйымнан анықтама;

8)     Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9)     Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса)

10) 16- қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтың бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылғын бағалау парағы

11) Тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезидентациясы кемінде 15 минут,ең төменгі ажыратымдылығы -720х480

Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне,жұмыс тәжірибесіне,кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты  (біліктілігін арттыру,ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру,ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар,біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері,алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Көрсетілген  міндетті құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде кандидаттардың құжаттарының педагогтердің үлгілік біліктілік талаптарымен бекітілген Біліктілік талаптарына сәйкестігін қарауды жүргізеді

Біліктілік талаптарына сәйкестікке кандидаттардың құжаттарын қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес бағалау парағында кандидат көрсеткен балдарды есептеуді жүзеге асырады

Конкурс қорытындысы бойынша шешімді конкурстық комиссия жинаған балдары негізінде қабылдайды.

Ең көп балл жинаған кандидат конкурстан өткен болып есептеледі және мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысына тағайындауға ұсынылады.Кандидаттардың балл саны тең болған жағдайда конкурстық комиссия әңгімелесу өткізу туралы шешім қабылдайды,нәтижесі бойынша қызметке тағайындауға кандидат айқындалады.

Конкурсқа қатысқысы келетін азаматтар қажетті құжаттарын осы хабарландыру Жамбыл облысы  әкімдігінің білім басқармасы  Меркі ауданы   білім бөлімі «Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ресми саиттарында және әлеуметтік желілерінің ресми аккаунттарында жарияланған   соңғы күннен бастап  7 жұмыс күні ішінде мына мекен -жайға  тапсыру қажет 

     Интернационал ауылы Талапты көшесі № 1 Жамбыл облысы  әкімдігінің білім басқармасы  Меркі ауданы  білім бөлімі «Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Анықтама байланыс телефон номері : 8(72632)4-36-14, 87751664313

Электронды пошта :  Mektep.7inter @ yandeх.kz




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: