Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У
08
январь
2024

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

Жамбыл облысы  әкімдігінің білім басқармасы  Меркі ауданы  білім бөлімі

«Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі уақытша бос лауазымға тағайындау үшін конкурс  жариялайды.


      Жамбыл облысы  әкімдігінің білім басқармасы  Меркі ауданы   білім бөлімі

«Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің уақытша (негізгі  қызметкердің жүктілігіне байланысты) тәлімгер -1 бірлік.

Мекеменің мекен жайы: Интернационал  ауылы  Талапты көшесі №1

Анықтама байланыс телефон номері : 8(72632)4-36-14, 87751664313

Электронды пошта :  Mektep.7inter @ yandeх.kz

Лауазымдық міндеттері: балалар қоғамдық ұйымдарының, "Жас қыран", "Жас ұлан" бірлестіктерінің, дебаттың, мектеп парламентінің қызметін дамытуға ықпал етеді;

      білім алушыларға олардың бірлестіктерінің, ұйымдарының қызметін жоспарлауға көмектеседі, олардың қызметінің мазмұны мен нысандарын жаңартуға ықпал етеді;

      балалар мен жасөспірімдердің жас ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жұмысты жүзеге асырады;

      ұжымдық-шығармашылық қызметті ұйымдастырады;

      балалар мен жасөспірімдерді жұмыс істеп тұрған ұйымдар, бірлестіктер туралы кеңінен ақпараттандыру үшін жағдайларды қамтамасыз етеді;

      білім алушыларға азаматтық және адамгершілік ұстанымдарын көрсетуге, өз мүдделері мен қажеттіліктерін іске асыруға мүмкіндік беретін қолайлы жағдайлар жасайды;

      білім беру ұйымдарында мәдени-бұқаралық, патриоттық жұмыстар жүргізеді, сынып жетекшілеріне тәрбие жұмысын, балалардың танымдық бос уақытын ұйымдастыруға көмек көрсетеді;

      балалар мен жастар ұйымдарын, пікірталастарды, оқушылардың өзін-өзі басқаруын, мектеп немесе студенттік парламенттерді, еріктілер қозғалысын ұйымдастырады;

      білім алушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қамқорлық жасайды;

      каникул кезінде олардың демалысын ұйымдастырады;

      білім алушылармен инновациялық жұмыс тәжірибесін зерделейді және пайдаланады;

      "Қоғамға қызмет ету", "Отанға тағзым", "Үлкендерге құрмет", "Анаға құрмет" қоғамдық-пайдалы жұмыстарын ұйымдастырады.;

      балалар ұйымдарының, бірлестіктерінің бастапқы ұжымдарының басшыларын (ұйымдастырушыларын) іріктеу және даярлау бойынша жұмысты жүргізеді;

      өзін-өзі басқару органдарымен және білім беру ұйымының педагогикалық ұжымымен, қоғамдық ұйымдармен, білім алушылардың ата-аналарымен немесе оларды алмастыратын адамдармен тығыз байланыста жұмыс істейді;

      білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптар: Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе "Педагогика" бағыты бойынша техникалық және кәсіптік білім немесе жұмыс өтіліне талап қойылмай, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат;

      және (немесе) біліктілігінің жоғары немесе орта деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы және педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл;

      және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін тәлімгер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

      1) "педагог-модератор":

      "педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

      балалармен жеке және топтық жұмысты дербес ұйымдастыру;

      2) "педагог-сарапшы":

      "педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:

      балалармен диагностикалық жұмыстың ұйымдастырушылық нысандарын пайдалану, балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мәселелері бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдыларына ие болу, өткізілетін тәрбиелік іс - шараларды талдау әдістерін пайдалану, өз жұмысында озық педагогикалық тәжірибені пайдалану;

      3) "педагог-зерттеуші":

      "педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:

      ұйымдастыру-әдістемелік қызметті талдау технологияларын пайдалану;

      4) "педагог-шебер":

      "педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:

      ұйымдастыру-әдістемелік қызметті талдау технологияларын пайдалану;

      облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-те мақұлданған әдістемелік материалдардың болуы.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі: 08.01.2024-17.01.2024 ж.

Сағат 9:00 -18:00 үзіліс 13:00-14:00.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау  мерзімінде келесі құжаттарды электронды немесе қағаз түрінде жолдайды:

1)     Осы Қағидаларға 16-қосымша сәйкес нысан бойынша қоса берілетін хұжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш; 

2)     Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық   құжаттар сервисінен алынған   электронды құжат (сәйкестендіру үшін)

3)     Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты,тұрғылықты мекен жайы менбайланыс телефондары көрсетілген – бар болса)

4)     Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5)     Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса)

6)     «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша  денсаулық жағдайы  туралы анықтама  (Нормативтік құқықтық актілерді  мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген)

7)     Психонврологиялық ұйымнан анықтама;

8)     Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9)     Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса)

10) 16- қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтың бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылғын бағалау парағы

11) Тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезидентациясы кемінде 15 минут,ең төменгі ажыратымдылығы -720х480.

Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайд біліміне,жұмыс тәжірибесіне,кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты  (біліктілігін арттыру,ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру,ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар,біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері,алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Көрсетілген  міндетті құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде кандидаттардың құжаттарының педагогтердің үлгілік біліктілік талаптарымен бекітілген Біліктілік талаптарына сәйкестігін қарауды жүргізеді

Біліктілік талаптарына сәйкестікке кандидаттардың құжаттарын қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес бағалау парағында кандидат көрсеткен балдарды есептеуді жүзеге асырады.

Конкурс қорытындысы бойынша шешімді конкурстық комиссия жинаған балдары негізінде қабылдайды.

Ең көп балл жинаған кандидат конкурстан өткен болып есептеледі және мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысына тағайындауға ұсынылады.Кандидаттардың балл саны тең болған жағдайда конкурстық комиссия әңгімелесу өткізу туралы шешім қабылдайды,нәтижесі бойынша қызметке тағайындауға кандидат айқындалады.

Конкурсқа қатысқысы келетін азаматтар қажетті құжаттарын осы хабарландыру Жамбыл облысы  әкімдігінің білім басқармасы  Меркі ауданы   білім бөлімі

«Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ресми саиттарында және әлеуметтік желілерінің ресми аккаунттарында жарияланған  соңғы күннен бастап  7 жұмыс күні ішінде мына мекен -жайға  тапсыру қажет 

     Интернационал ауылы Талапты көшесі № 1 Жамбыл облысы  әкімдігінің білім басқармасы  Меркі ауданы  білім бөлімі «Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Анықтама байланыс телефон номері : 8(72632)4-36-14, 87751664313

Электронды пошта :  Mektep.7inter @ yandeх.kz

















Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: