«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББМ
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында
«Бердібек Соқпақбаев» ауылының
«Балалар әдебиетінің бәйтерегі» тәрбие сағаты
Анықтама
Өткізілген күні:26.12.23ж.
Өткізілген орны: 3 «Ә» сыныбы
Қатысқандар: Мұғалімдер,мектеп кітапханашысы Каимбаева М.А.
3 «Ә» сынып 15оқушы,сынып жетекші : Шалбас Г.Н
Мақсаты: Оқушыларға жазушы өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып,әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білімдерін толықтыру; Оқушылардың ой-өрісін,қызығушылығын ояту,сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.Оқушыларды тәртіптілікке адамгершілікке тәрбиелеу.
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектебінің 3 «Ә» сыныбында 2023 жылы қараша айының 29 күнінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Бердібек Соқпақбаев» ауылының тәрбие сағаты өтті.
«Шаттық шеңбері» арқылы психологиялық ахуал орнатылды.
2.«Миға шабуыл»әдісі арқылы білімдерін тексеру.
Балалрға Бердібек Соқпақбаевтың өмірбаянымен таныстырып.Өлеңдерін жатқа айтты.
Балаларға Бердібек Соқпақбаев туралы қысқаша түсінік берілді.
3. Топтық жұмыс
1) топ-Қожа 2) топ-Сұлтан 3 топ-Жантас
Оқушылармен «Менің атым Қожа» повесінің кейіпкерлерін сипаттау барысында топтық жұмыс жүргізілді.
4.Кітапханаға саяхат
Мектебіміздің кітапханашысы Каимбаева М.А.Бердібек Соқпақбаевтың өмірбаянын,өлеңдер жинағын,шығармаларымен таныстырды.Қорытынды:
Балалар кері байланысты «Білім қоржыны» әдісі арқылы жасады. Сабақтың соңында әр топтың жинаған балын есептеп жеңген топ марапатталды.