жас мамандардан алынған сауалнама қорытындысы
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектеп бойынша жас мамандардан алынған сауалнама қорытындысы
Мерзімі: 11 қазан 2023 жыл
Мақсаты: жас мамандардың ұжымға бейімделуін анықтау
Жауапты: мектеп психологтары А.К.Нысанова, М.Б.Амангелдиева
Қатысқандар: 5 жас маман
Барысы: жас мамандарға сауалнама таратылды.
«Құрметті әріптес! Сізден анкета сұрақтарымен алдын ала мұқият танысып, тиісті жауапты таңдап алғаннан кейін, анкетаны толтыруыңызды сұраймыз. Барлық мәліметтер жалпылама түрде пайдаланылатын болады. Сізге зерттеуге қатысып, өз ойыңызбен бөліскеніңіз үшін алғысымызды білдіреміз!»
Нәтижесінде: мектебіміздің жас мамандарымен «Жас мұғалімнің бейімделу проблемасы» тақырыбында сауалнама алынды. Сауалнама барлығы 12 сұрақтан құралған. Мектебіміз бойынша барлығы 5 жас маман жұмыс атқарады. Алынған сауалнама қорытындысы бойынша жас мамандар сауалнамаға толық 100% қатысты.
Сауалнама бойынша
1.«Педагогикалық жұмысқа Сіз қалай келдіңіз?» сұрағы бойынша 5 жас маман, яғни 100% саналы түрде келгендерін көрсетті.
2. «Сіз жұмысты қалай іздедіңіз/таптыңыз?» сұрағы бойынша 1 жас маман, «аудандық білім бөлімінің жолдауымен» деп жауап берсе, 3 жас маман «мақсатты түрде ауданның ең үздік мектебін іздедім» деп жауап берген, 1 жас маман «достарымның, әріптестерімнің ұсынымдары арқылы вакансия таптым» жауап берді.
3. «Сізде тәлімгер-мұғалім бар ма?» сұрағына 4 жас маман «иә,бар және оның көмегі тиімді» деп көрсетсе, 1 жас маман «жоқ, мен оған мұқтаж емеспін» деп сауалнама барысында көрсетті.
4.«Өзіңіздің жеке педагогикалық қызметіңізден кейін Сіздің мұғалімнің жұмысына көзқарасыңыз өзгерді ме, егер өзгерсе қалай?» сұрағы бойынша 5 жас маман «жақсы жағына өзгерді» деп жауап берді.
5.«Өзіңіздің мектептегі жұмысыңыздың сапасына қаншалықты көңіліңіз толады» сұрағына 5жас маман 100%-ға толық қанағаттанатындарын белгілесе,
6.«Сіз мектеп тәжірибесінде қандай проблемалармен жиі кездесудесіз?» сұрағына 1 жас маман «балалардың оқуға ынтасының жоқтығы» деп жауап берген.
7.«Мектеп қабырғасында жұмыс істеу барысында Сіз жоғары оқу орнында алған біліміңіздің тәжірибелік пайдасын жалпы қалай бағалайсыз?» сұрағы бойынша 3 жас маман «өте жоғары», 2 жас маман «аса жоғары емес» деп жауап жазған
8. «Алдағы бірнеше жылда өзіңіздің педагогикалық мансабыңыздың дамуын қалай болжайсыз?» деген сұраққа 5 жас маман «мансаптық өсу» деп көрсетті.
Қорытынды: Сонымен қатар жас мамандардың 100%-ы алдағы уақытта өздерінің педагогикалық мансаптарын жұмыс істеп жүрген мектебінде біліктіліктерін арттырып, мансаптық өсу, біліктіліктерін арттыру ойлары бар екендігін және мамандық ауыстыратын ойлары жоқ екендігін көрсетті.
Ұсыныс:
Жас мамандардың ұжымға бейімделуіне байланысты психологиялық қолдау көрсету