«5 қазан – Ұстаздар күніне» арналған бір қатар іс-шаралар өткізілді
А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектеп
5 қазан 2023 жылы мектепте «5 қазан – Ұстаздар күніне» арналған бір қатар іс-шаралар өткізілді.
11-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен Ұстаздар күніне «оқушылар коридоры» құрылды. Жұмысқа келген әрбір ұстазды барлық оқушылар қошеметтеп, құттықтап, мерекелік концертке шақыру қағаздарын ұстатты.
1-11 сыныптар арасында «Ұстаз – Ұлы тұлға» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
Мектеп тәлімгері мен 10-11 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Ұстаз – ұлағатты есім» атты мерекелік концерт өткізілді. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету мақсатында өткізілген іс-шараны, мектеп директоры Кокрекбаева Л.Б. ұстаздарға арналған жылы лебіз құттықтауымен ашып берді.
Концерттік бағдарламада оқушылар ән айтты, би биледі, күй ойналды.