«Балдаурен» сауықтыру лагері » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Балдаурен» сауықтыру лагері
07
июнь
2023

«Балдаурен» сауықтыру лагері

А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектеп


7 маусым күні мектебіміздегі «Балдаурен» сауықтыру лагері сағат 9.00-де басталды. Келген оқушыларды дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Қ.Бахытов сапқа тұрғызып, таңертеңгі көңілді жаттығуды музыка әуенімен бастап, балалардың  көңілдерін көтеріп, сергітіп алды. 

     Топ тәрбиешілердің ұйымдастыруымен жоспарға сәйкес бір қатар жұмыстар ұйымдастырылды. «Әнші болғым келеді» тақырыбында ән байқауы өткізілді. Әр топтан балалар өздерінің өнерлерін көрсете отырып, осы іс - шараға белсене қатысты. Жүлделі орын алған балалар марапатталды.    

Тәлімгер «Бізді қоршаған әлем» тақырыбында топтық жұмыс ұйымдастырып, балалармен тығыз жұмыс жасады.

   Мектеп кітаханашысы «Кітап оқимыз бәріміз» тақырыбында флешмоб өткізді.

  Лагерь психологы қызықты тренингтер ұйымдастырып, балалармен жақсы жұмыс істеді.

    Бүгінгі күннен жақсы әсер алған оқушылар ыстық тамақпен қамтылып, көңілді әсерде тарады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: