«Отбасында балаларға патриоттық тәрбие берудің маңызы» » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Отбасында балаларға патриоттық тәрбие берудің маңызы»
15
май
2023

«Отбасында балаларға патриоттық тәрбие берудің маңызы»

Аманжол Тұрғымбаев №7 ЖОББМ 
Дөнгелек үстел
«Отбасында балаларға патриоттық тәрбие берудің маңызы»
Әлеуметтік педагог М.Ошакбаева 
Дөнгелек үстел
«Отбасында балаларға патриоттық тәрбие берудің маңызы»
Мақсаты:    Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсерін ұғындырып, ата – ана бала тәрбиесінің қамқоршысы екеніне көз жеткізу. 
Ата – анаға баланың жан дүниесін   түсіне білуге, ұлттық тәрбиенің маңызы отбасында қалыптасатынын ұғындыру 
Міндеттері:
  • Отбасының басты қазығы – бала
  • Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы
  • Отбасы – жеке тұлғаны қалыптастырушы
Түрі: дөңгелек үстел
Әдісі: Ой қозғау, пікірлесу
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, мультимедиа аппараты, гүл, шар,жиналмалы бетшелер
Күтілетін нәтиже: 
  • Ата – анамен баланың ынтымақтастығын қалыптастыру
  • Отбасылық қарым – қатынастың тәрбиедегі жетістігін көрсету
  • Отбасы – өркениетті, зайырлы, құқықты қоғамның азаматын тәрбиелеуде мемлекеттің негізгі буыны
Жүру барысы: 
І. Ұйымдастыру
ІІ. Сауалнама / 3 сұрақтан/ ата-анаға/
ІІІ. Ой қозғау
IV. Сұрақ жауап 
V. Қорытындылау
ІІ. Сауалнама ата-анаға  3 сұрақтан тұратын патриоттық сауалнама таратылады, орындауға 1 минут уақыт беріледі, сауалнама қорытындысымен таныстырылады. 

Сұрақтар : 
  1. Қазақстан Республикасы қай жылы тәуелсіздік алды? 16 желтоқсан 1991 жылы 
  2. Қазақстан Республикасының нышандары? Ту, елтаңба , әнұран.
  3. Қазақстан Республикасының азаматтарының саны? 19 808 430 адам 
IІІ. Ой қозғау
-Құрметті ата-аналар, біздің дөңгелек үстеліміздің тақырыбы «Отбасында балаларға патриоттық тәрбие берудің маңызы
». Отбасы – әр адамның шағын отаны, қоғамның бір бөлшегі. Отбасы дегенімізде бірінші үйдегі бала, бала тәрбиесі деген сөзді қолданамыз. Сол себепті де бүгінгі тақырыбымыз бала жайында өрбімек. Бала тәрбиесі қашанда кезек күттірмейтін, күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселе болып қала бермек. Бала үшін отбасы – басты ақпарат көзі, сондықтан бала өмірді алғаш отбасының ықпалымен таниды. Сөйтіп бала өзінің ең жақын адамдары арқылы өзін қоршаған дүниені танып біледі. «Отбасында, мектепте, қоғамдық орындарында үлкендер мен бала арасындағы сыйластық, махаббат пен мейірімділік, шапағат шуағы мен ізгілік нұрына бөленуі тиіс.Өйткені біз баланы - адал еңбек етіп, елін, халқын сүюге тәрбиелеп отырмыз. Отбасы – шағын мемлекет. Ол тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейірімділік пен адамгершіліктің ордасы. Сондықтан ұл – қызымызға көзбе -көз айтқан сөзіміз, берген тәрбиеміз жүректен-жүрекке жетсе, қандай ғанибет.» 
Адамға өмірде ең қымбаты- отбасы.Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдылық болғанда бірлік болады. Бір-бірін аялап, кешіре , түсіне білгенде отбасы берік болады.
  1. Бала тәрбиесінде отбасы ықпалы басқа тәрбиелік ықпалдарға қарағанда ең басым болу керек деп ойлайсыздар ма? 
  2.  Жеке тұлғаның рухани – адамгершілігін дамыту мен адами құнды қасиеттерін меңгертуде отбасының әсері    қандай? 

ІV.   Сұрақ жауап
Келесі кеекті сұрақ жауапқа берейік!
Қазақстан Республикасы қандай мемлекет? (Егеменді)
Қазақстан Республикасының рәміздері? (әнұран, ту, елтаңба)
Қазақстан Республикасының Президенті кім? (Н.Ә. Назарбаев)
Республика күні.(25 қазан)
Қазақстан Республикасының астанасы қай қала? (Астана)
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі (қазақ тілі)
«Ата заң» қашан қабылданды (28 қаңтар 1995 жыл)
Астана қаласының 10 жылдығы қашан тойланды? (2008 жылы)
16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік күні)
Әнұранның сөзін жазған кімдер? Н. Назарбаев. Ж. Нәжмедиев 
VІ. Қорытындылау. Нәтиже
Бүгінгі әсерлеріңіз қандай? Бір-бірлеріңізге шаттық, көңіл-күй, жақсылық тілек білдірейік!
«Тілек» ойыны 
Қазақта отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. Оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болып, шаңырақтарыңызда береке,  бірлік болып, отбасының тірегі, жүрегі ата – аналар аман болсын. Тілек шамын бір – бірімізге жақсы тілек айтып жалғастырайық.


Бәрі қосылып ән орындайық: Ән – «Аналар тілегі»

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: