19
апрель
2023
Мектеп кітапханашысы М.Каимбаева «7 мамыр-Отан қорғаушылар күніне» орай «Ұлттық рухтың қайнары» атты кітаптар көрмесін ұйымдастырды.
А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектеп
19.04.2023ж. мектеп кітапханашысы М.Каимбаева «7 мамыр-Отан қорғаушылар күніне» орай «Ұлттық рухтың қайнары» атты кітаптар көрмесін ұйымдастырды.
Мақсаты: Оқушылардың бойына Отан сүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру, еліміздің Тәуелсіздігін қадірлеуге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Мемлекеті мәңгілік елдің ұрпағының тәрбиесі елжандылық сезімінің, рухы биіктігінің негізінде. Отан қорғаушылардың қаһарман ерліктері ұмытылмайды. Қай дәуірде болмасын, Отан қорғау әр Қазақстан азаматының қасиетті борышы болып келеді.
Кітапханашы оқырмандарды кітап көрмесімен таныстырып, оның тарихы жайында баяндап берді.