5-6 сыныптар арасында тарих пәнінің мұғалімдері «Ерлік ұрпаққа мұра» аудандық мұражайға экскурсия ұйымдастырды.
А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектеп
21.04.2023ж. мектепте 5-6 сыныптар арасында тарих пәнінің мұғалімдері «Ерлік ұрпаққа мұра» аудандық мұражайға экскурсия ұйымдастырды.
Мақсаты: Болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Мұражай -туған еліміздің асыл қазынасы. Бүгінгі жас ұрпақ өз елінің, жерінің тарихын, ата-бабаларының тарихын білуі және бүгінгі музейлерге саяхат жасап, өткен күнмен салыстыра отырып, қорытынды жасауы, сабақ алуы тиіс.
Мұражай қызметкерлері оқушыларға музей қорындағы құнды экспонаттар мен музей тарихымен таныстырып, ел тарихына арналған стендтерді көрсетіп, Кеңес Одағының батырлары, жауынгер-интернационалистердің ерліктері туралы көптеген мәліметтер берді.