13
февраль
2020
2019 жылдың 1-12 қазан аралығында А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы білім беретін мектебінде «Дұрыс және тиімді тамақтану» онкүндігінің өту барысы турал
Посмотреть онлайн файл: anytama-13_02_2020-zh_tim_tama_onkndg.pdf
[/center]2019 жылдың 1-12 қазан аралығында А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы білім беретін мектебінде «Дұрыс және тиімді тамақтану» онкүндігінің өту барысы туралы Анықтама
Интернационал ауылы 12.10.2019 жыл
Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №957 Жарлығын орындау мақсатында А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы білім беретін мектебінде 2019 жылдың 1-12 қазан аралығында дұрыс және тиімді тамақтануды насихаттау мен артық дене салмағының алдын алу мақсатында онкүндік өткізілді. Іс-шараның өтуі үшін 01.10.2019 жылы білім ошағында онкүндіктің іс-шара жоспары құрылып, жоспар мектеп директорымен бекітілді Бұйрықтың орындалуын қадағалау мектеп медбикесі Ф.Джуанышоваға жүктелді. Өз кезегінде медбике Ф.Джуанышова 03.10.2019 жылы сынып жетекшілерімен мектеп ұстаздарына онкүндік басталуымен құттықтап, оларды онкүндіктің іс-шара жоспарымен таныстырды.
[center]![2019 жылдың 1-12 қазан аралығында А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы білім беретін мектебінде «Дұрыс және тиімді тамақтану» онкүндігінің өту барысы турал](/uploads/posts/2020-02/1581576818_1.png)
Интернационал ауылы 12.10.2019 жыл
Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №957 Жарлығын орындау мақсатында А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы білім беретін мектебінде 2019 жылдың 1-12 қазан аралығында дұрыс және тиімді тамақтануды насихаттау мен артық дене салмағының алдын алу мақсатында онкүндік өткізілді. Іс-шараның өтуі үшін 01.10.2019 жылы білім ошағында онкүндіктің іс-шара жоспары құрылып, жоспар мектеп директорымен бекітілді Бұйрықтың орындалуын қадағалау мектеп медбикесі Ф.Джуанышоваға жүктелді. Өз кезегінде медбике Ф.Джуанышова 03.10.2019 жылы сынып жетекшілерімен мектеп ұстаздарына онкүндік басталуымен құттықтап, оларды онкүндіктің іс-шара жоспарымен таныстырды.
[center]
![2019 жылдың 1-12 қазан аралығында А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы білім беретін мектебінде «Дұрыс және тиімді тамақтану» онкүндігінің өту барысы турал](/uploads/posts/2020-02/1581576818_1.png)
![](/uploads/posts/2020-02/1581576925_2.png)
Онкүндік барысында көптеген сыныптарда сынып жетекшілері мен мектеп медбикесі – Ф.Джуанышованың қатысуымен сынып сағаттары, тиімді және дұрыс тамақтану туралы дәрістер оқылды. Атап айтсақ, онкүндік барысында 4 «б» сынып жетекшісі Азизова В.С., 5 «б» сынып жетекшісі Секен А., 7 «б» сынып жетекшісі Исмайылулы И «Правильное питание – залог здоровья» тақырыбында тәрбие сағаттарын
![](/uploads/posts/2020-02/1581577083_3.png)
![](/uploads/posts/2020-02/1581577287_4.png)
1 «ә» сынып жетекшісі – Э.Джурумбаева, 1 «в» сынып жетекшісі – Н.Макебаева, 4 «ә» сынып жетекшісі – Ж.Исақова «Ас – адамның арқауы» тақырыбында тәрбие сағатын, 7 «а» сынып жетекшісі – Г.Ниязқұлова «Дұрыс тамақтану мәдениетіі» тақырыбына тәрбие сағаттарын өткізді. Тақырып барысында медбикелер дұрыс тамақтану мен дұрыс тамақтанбаудың пайдасы мен зияны, зиянды жақтарынан «фаст-фуд» өнімдері туралы, яғни, «фаст-фуд» деген сөздің өзі ағылшын тілінен аударылғанда «жылдам тамақтану» екенін түсіндіре отырып, оның бірнеше түрлері болатынын, ол тамақты жүріп бара жатып та, жұмыс істеп отырып та жеуге болатынын айтып өтті. Сонымен қатар фаст-фуд өнімінің адам ағзасына көп зиян тигізетінін де айтып өтті.Атап айтқанда,біріншіден ол артық салмақ қосудың негізгі себепкерінің бірі екендігі, екіншіден, аталған өнімдердің құрамында пайдалы витаминдердің жоқтығы, болған жағдайда мөлшері өте аз екендігі, организмді толық тойдырмайтыны, сол себептен оны жиі пайдалануға адамдар дағдыланатыны. Дәріс соңында оқушыларға фаст-фуд тамағын жиі пайдаланғаннан оның денсаулыққа жалпы қауіпті, зиянды салдары, оның ішінде жүрек қан тамырларының жаулауы,бүйректің өзгеруі, ол тағамға тәуелділіктің пайда болуы, жүйке ауытқулары пайда болуы туралы айта келе, бүгінгі таңда тек дұрыс тамақтану- денсаулықтың кепілі екендігін айтып өтті. Дұрыс тамақтану тақырыбында медбикелер тиімді тамақтанған адам ауру-сырқауға жиі ұшырамай, оларды жеңіп отыратын, тиімді тамақтанудың мезгілсіз, ерте қартаюдан алдын-ала сақтандырудағы маңызы зор екендігін,асқазан, жүрек-қан тамыры және т.б. адамның ішкі мүшелері сырқатқа ұшырағанда тамақтанудың арнайы ойластырылып жасалған рационы мен режимі емнің бір түрі болатынын, осыған орай шығыс медицинасы тамақтану мәдениетіне ерекше көңіл бөлетінін, олар тағамдардың құрамына еттің аз, керісінше көкініс пен жеміс-жидектің көп болғанын қадағалайтынын, жаңа піскен жеміс- жидектер мен көкіністер –адам ағзасына жиналған қождардан (шлактардан) арылтып, қажетті дәрумендермен толықтырылатынын айтып өтті.
№7 ЖББМ директоры: Сейтказиев Р.З.
Әлеуметтік педагог: Маделиев М.М.
Медбике: Нурымова Г.
Бекітемін: №7 ЖББМ директоры Р.Сейтказиев ____________________
2019-2020 оқу жылының 1-12 қазан аралығында №7 ЖББМ әлеуметтік қызметінің «Дұрыс және тиімді тамақтану» онкүндігіне арналған іс-шаралар жоспары
№ Жұмыс мазмұны Іс-шара Мерзімі Жауапты
1 Онкүндіктің жұмыс жоспарын құрып, бекіттіру Жоспар құру 01.10.2019 Г.Инкарбекова
2 Онкүндіктің өту жоспарын сынып жетекшілеріне таныстыру Жиналыс өткізу 01.10.2019 Г.Инкарбекова мектеп медбикесі-П.Джуанышова
3 «Ас адамның арқауы» тақырыбында сынып сағаттары Сынып сағаттары Онкүндік аралығында Бастауыш сынып жетекшілері
4 «Правильное питание –залог здоровья» тақырыбында орыс сыныптарында сынып сағаттарын өткізу Сынып сағаттары 7.10.2019 Орыс сынып жетекшілері
5 «Дұрыс тамақтану – денсаулыққа жол ашу» тақырыбында 7-11 сынып оқушыларына дәріс оқу Дәріс 8.10.2019 Мектеп медбикесі П.Джуанышова
6 Онкүндік тақырыбына байланысты «Денсаулық бұрышы» стендіне мақалалар жариялау Стенд жасау Онкүндік аралығында Мектеп медбикесі П.Джуанышова
7 Онкүндікті қорытындылау Анықтама 12.10.2019 Г.Инкарбекова