«Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени-ағарту жобасы аясында «Қазақ тілінің қазіргі жағдайы...» тақырыбында жоба қорғау, презентациямен таныстыру іс-шарасы өткізілді.
А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектеп
4 қазан күні А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектепте 9-10 сыныптар арасында «Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени-ағарту жобасы аясында «Қазақ тілінің қазіргі жағдайы...» тақырыбында жоба қорғау, презентациямен таныстыру іс-шарасы өткізілді.
Оқушылардың дайындаған презентация барысында қазақ тілінің бүгінгі ахуалы күрделі мәселе екені, қазақ тілі қолданыста деген сөз тек қағаз жүзінде орындалуға апара жатқаны, мемлекет тарапынан жасалған қолдауларды дұрыс пайдаланып, тіл мәртебесін көтеру Республика азаматтарының әрбірінің азаматтық борышы анық айтылып көрсетілген.
«Ұлттың тілі – ұлттың ділі» деп, халық даналары айтқандай, ұлтымызды сақтайық. Ана тіліміздің айбынын асқақтатып, қасиетті қазақ жерінде қаазқ тілінің мәртебесін көтерейік! Төл тілімізден қашпай керісінше төрге сүйрейік сонда ғана Қазақстан түндігі берік ел болмақ!
#Біртұтас_тәрбие@oqu_agartu_ministirligi #1ТоқсанАқындарАйтысы
#ҚРБҒМ
#ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ #Меркі ауданы #7жоббм
![](/uploads/posts/2023-10//1696413385_whatsapp-image-2023-10-04-at-15_19_27.jpeg)
![](/uploads/posts/2023-10//1696413388_whatsapp-image-2023-10-04-at-15_19_10.jpeg)
![](/uploads/posts/2023-10//1696413354_whatsapp-image-2023-10-04-at-15_18_53.jpeg)
![](/uploads/posts/2023-10//1696413388_whatsapp-image-2023-10-04-at-15_18_36.jpeg)