Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
 
 

Оқушыларының тамақтану сапасына мониторинг

Автор: admin от 12-02-2019, 23:20, посмотрело: 390

4 Қазақ тамақтану академиясы
Ұлттық салауатты тағамтану орталығының 2017
жылғы мектеп оқушыларының тағам
рационы бойынша бірыңғай стандарттарының
әдістемелік ұсыныстары негізінде

А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы білім беретін мектебі оқушыларының тамақтану сапасына мониторинг жүргізу
жөніндегі комиссия жұмысы туралы ақпарат

Мектепте болған кезінде балалардың ыстық тамақ ішуі- олардың денсаулығы мен тиімді оқу қабілетін қолдаудың маңызды шарттарының бірі.Толыққанды және үйлесімді тағам- бала организмінің қалыпты қызмет етуінің маңызды шарты, әсіресе, өсу және даму кезеңінде.7-18 жас аралығындағы кезеңді бала мектепте өткізеді, нақты ол кезеңде организмің қарқынды соматикалық өсуі орын алады, бұл ақыл-ой және дене жүктемелерінің артуымен қосарланады. Мектеп асханасында тамақтануды ұтымды ету өскелең ұрпақтың денсаулығының дұрыс қалыптасуына ықпал етеді.Толыққанды және үйлесімді тағам аурулардың алдын алуға, балалар мен жасөспірімдердің жұмысқа қабілеті мен оқу үлгерімін арттыруға, денелік және ақыл-ойының дамуына ықпал етеді, олардың заманауи өмірге бейімделуіне жағдай жасайды.
А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы білім беретін мектебінде оқушылардың тағам рационы бойынша бірыңғай стандарттарды (төрт апталық ас мәзірін) енгізуді іске асырудың және оқушылардың тағамын ұйымдастыруды жетілдірудің нәтижелі болуына қол жеткізу үшін асхана тағамына ұдайы мониторинг жүргізіліп отырылады. Мектеп тағамына мониторинг өткізуді іске асыру ас мәзірін бағалауды оңтайландыру тұрғысында мақсатқа сай келіп отыр. Мектеп оқушыларының тағам рационы бойынша бірыңғай стандарттарды (төрт апталық ас мәзірін) енгізуді іске асыру жұмысы бойынша мониторинг барлық ақпараттың анықтығы мен қолжетімділігі, алынған нәтижелерді жалпы білім беретін ұйымдарда оқушылардың тағамын ұйымдастыруды жетілдіру үшін қолдану, мектеп оқушыларының тағамын ұйымдастыруды жетілдіру үшін мониторингті өткізуге мақсаттық индикаторлар (өлшемшарттар) әзірленген 8 кесте және мектеп тағамы сапасының нәтижесіне әсер ететін факторларды анықтауға қажетті ақпаратты алуға мүмкіндік беретін «Тағамға ата-аналардың көзқарасы», «Тағамға балалардың көзқарасы» атты сауалнамалар мен Ережелерге сүйену арқылы жасалып отыр.

8 кесте. Мектеп оқушыларының тағам рационы бойынша бірыңғай стандарттары (төрт апталық ас мәзірін) енгізуді іске асыруды бағалауға мақсаттық индикаторлар
Оқушыларының тамақтану сапасына мониторинг

2018 жылдың тамыз айында мектептің әлеуметтік қызметі 2018-2019 оқу жылында мектеп асханасында білім алушыларды бір мезгіл тегін тамақпен қамту мақсатында аз қамтылған отбасынан шыққан балалардың тізімін анықтап, 2018 жылдың 29 тамызындағы мектептің педагогикалық кеңесінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №198 бұйрығына сай «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сай анықталған 6 аз қамтылған отбасынан шыққан 16 (он алты) және 21 атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасынан шыққан 59 (елу тоғыз) білім алушы мектеп асханасында бір мезгіл тегін тамақпен қамтылатын балалар тізіміне енгізілсін деген шешім қабылданып, көрсетілетін қызметті алушылардың (балалардың ата-аналарының) құжаттары аталған стандарт талабына сай аудандық білім бөліміне тапсырылды. Аталған бағытта жұмыстар атқару мақсатында 03.09.2018 жылы №90 бұйрық қабылданып, жұмыс жоспары құрылып, жоспар мектеп басшысымен бекітілді.
Жалпы 75 білім алушының ішінен әлеуметтік санаттарына қарай 16 (он алты) білім алушы - аз қамтылған отбасынан шыққан бала болып, 59 (елу тоғыз)- атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасынан шыққан білім алушы яғни, педагогикалық кеңестің шешімінің негізінде тізімге енген балалар болып отыр. 75 баланың 37 (отыз жетісі) I- ауысымда оқыса, қалған 38 ( отыз сегізі) II- ауысымда оқуда.
Мектеп директорының оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Инкарбекова мектепте білім алушылардың тегін және ата-ана есебінен бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылу жұмысына жауапты болып бекітіліп, мектептің медбикесі – П.Джуанышова, кәсіподақ төрайымы Т.Абдукадыров және тағы басқалары мектеп директорының 03.09.2018 жылғы №90 бұйрығы негізінде құрылған тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның құрамына кірді. Құрамында 7 мүшесі бар аталған комиссия тобы мектеп асханасында балалардың ыстық тамақпен уақтылы қамтылуын апта сайын қадағалап, тексеріп отырады.Тексеріс нәтижесі жауапты маман тарапынан арнайы журналға тіркеліп отырылады.
Тексеру барысында комиссия тобы біріншіден асхананың санитарлық жағдайын, екіншіден тамақтану кезінде білім алушылардың санитарлық-гигиеналық тазалық талаптарын сақтауын, жеткізілген тамақ өнімдерінің сапасын, тағам өнімдерінің және дайын болған тағамдардың сапасы мен олардың сақталуын, үшіншіден тағамдарды дайындау технологиясында тоңазытқыш- технологиялық жабдықтардың жарамдылығын тексеріп отырады.Асхана аспазшысы Н.Қуандықова мен оның көмекшісі Д. Қонысбаева өз қызметтерін жауапкершілікпен атқаруда.
Сонымен қатар қыркүйек айының басында медбикелер тарапынан мектепте білім алушылар арасынан «Д» тобында есепте тұрған балалардың тізімі анықталып, олар оқу жылы бойы сабаққа түрлі себептермен келе алмай қалған білім алушылардың орнын алмастырып отыр.Сабаққа келмей қалған білім алушылар сынып жетекшілерінің көмегімен күн сайын алғашқы сабақтарда анықталып, оларды «Д» тобындағы білім алушылармен алмастыру жұмысы мектеп директорының оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Инкарбекованың тарапынан жүргізіліп, мектеп медбикесі тарапынан қадағаланып отыр.
Мектеп асханасы қажетті құралдармен жабдықталған. Арнайы стендтерде білім алушыларды бір мезгіл ыстық тамақпен қамту жұмысына байланысты бұйрықтар, асхананың жұмыс істеу кестесі мен білім алушылардың тамақтану уақыты ілініп, тиімді және дұрыс тамақтану бұрыштары жасалған. Бүгінгі күні мектеп асханасында аз қамтылған отбасынан шыққан 18 және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасынан шыққан 66 білім алушы бір мезгіл тегін тамақтанса, 1 үйде оқытылатын білім алушыны есепке алмағанда жалпы 414 білім алушының қалған 330-ы ата-ана есебінен күніне 200 (екі жүз) теңге мөлшерінде тамақтануда.

Оқушыларының тамақтану сапасына мониторинг
Оқушыларының тамақтану сапасына мониторинг
Оқушыларының тамақтану сапасына мониторинг
Оқушыларының тамақтану сапасына мониторинг
Оқушыларының тамақтану сапасына мониторинг
Оқушыларының тамақтану сапасына мониторинг

Дайындаған жауапты маман, мектеп директорының оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Инкарбекова

Категория: Тамақтандыру

 

Тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылардан «Тағамға балалардың көзқарасы» сауалнама қорытындысы

Автор: admin от 19-11-2018, 22:30, посмотрело: 1284

24 А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы білім беретін мектептегі 2018 жылдың қазан айының 26 жұлдызында тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылардан «Тағамға балалардың көзқарасы» сауалнама қорытындысы.
Сауалнама мақсаты : асхана ас мәзірінің тағамдары оқушыларға қаншалықты ұнайтынын білу.
Сауалнама 26 қазан күні 1,2,3,4,5,6,7,8,9,11 сынып оқушыларынан алынды.
Сауалнама 5 сұрақтан тұрады.
Жалпы -79 оқушы
Біздің мектептің асханасында тамақтың дайындалуы саған ұнай ма? Деген сұраққа барлық бала –ия деп жауап берген -100 %
Сен қаншалықты жиі мектеп асханасында тамақтанасың ? деген сұраққа
А)Күнделікті; - 97,4 %
б) кейде- 2,6 %
в)асханаға бармаймын қымбат?
Қандай тағамның тұрлері саған ұнайды.
Гороховый суп- 78,4%
Борщ- 13,9%
Плов – 7,5%
Ыстық тағам сенің оқу үлгеріміңді жақсартады деп ойлайсың ба?
-Иә -100 пайыз
Дұрыс тамақтанбаудың қандай ауруларға апаратындығын білесің бе?
Ия – 81,8%
Жоқ- 18,18%
Сауалнама нәтижесі бойынша мектеп оқушыларының асхана ас мәзірі көңілдерінен шығатыны анықталды.



Мектеп директоры: Р. Сейтқазиев











А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы білім беретін мектебінде 2018 жылдың қазан айының 26 жұлдызында тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың ата –аналарынан «Тағамға ата-аналардың көзқарасы» сауалнама қорытындысы.

Сауалнама мақсаты : асханадағы ас мәзірінің тағамдарының ұйымдастыру жүйесі қанағаттандырама.
Сауалнама 26 қазан күні 1,2,3,4,5,6,7,8,9,11 сынып оқушыларының ата-аналарынан алынды.
Сауалнама 5 сұрақтан тұрады.
Сауалнамаға -28 ата-ана қатысты.
1. Мектеп тағамының ұйымдастыру жүйесі Сізді қанағаттандыра ма?
-иә -100 %
2. Сіз мектеп тағамының ұймдастырылуын ұтымды санайсыз ба?
- Иә- 100 %
3. Балаңызға мектеп асханасында тамақтану ұнай ма?.
Ия -100 %
4. Әрдайым мектеп асханасындағы ас мәзірімен танысуға мүмкіндігіңіз болады ма?
-Иә- 17,8%
- жоқ -28,5%
-кейде -53,7%
5. Мектеп асханасының жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстарыңыз?
Бесінші сұрақ бойынша бір де бір ата –ана ұсыныс жазбаған
Сауалнама нәтижесі бойынша ата-аналарға асхана ас мәзірі көңілдерінен шығатыны анықталды.

Мектеп директоры Р. Сейтқазиев





Категория: Тамақтандыру