Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
 

Ашық бюджет 2019

Автор: admin от 24-06-2019, 05:56, посмотрело: 294

9 7-osh.pdf [427,35 Kb] (cкачиваний: 1)

Категория: Ашық бюджет

 
 
 
 

Ашық бюджет

Автор: admin от 29-05-2019, 04:23, посмотрело: 459

21

osh7.pdf [43,44 Kb] (cкачиваний: 0)

 

Категория: Ашық бюджет

 

Қамқоршылық кеңес отырысы директор ИДН есебі

Автор: admin от 16-05-2019, 00:39, посмотрело: 370

21 Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы білім беретін мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қамқоршылық кеңестің отырысы

ХАТТАМА №5

Интернационал ауылы 16 мамыр 2019ж.
Өтілген орны : №7 ЖББМ
Уақыты : 10.00
Аяқталған уақыты : 10.50
Хатшының аты-жөні: Ошакбаева М.Ж
Қатысқандар: 11

1. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары – Г. Інкәрбекова
2. Мектеп директоры Р.Сеитқазиев
3. Әлеуметтік педагог –М.Ошакбаева
4. ДТІЖО-А.Канибетова
5. Н.Ниязова –ата-ана
6. Қ.Молдашева –ата-ана
7. Т.Рысқұлов а/о маманы – Г.Макаева
8. Ахамбекова К.-зейнеткер
9. Даулетова З.- ата-ана
10. ДОІЖО-Г.Інкәрбекова
11. Мектеп инспекторы –М.Абдуллаев

Күн тәртібінде :
1. 1.2019 жылы 16 мамыр айында А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы білім беретін мектебінің директорының Сейтқазиев Рахат Зауытұлының қамқоршылық кеңес алдында берген есебі.
2. А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы білім беретін мектебінде құқықтық тәрбие жұмысы мен қылмыстың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстың есебі
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қылмысты болдырмау бағытында бірлесіп жүргізілген жұмыстар

ЮПТ-ның аға инспекторы полиция майоры М.Абдуллаев

3.Әр түрлі мәселелелер.
А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы білім беретін мектебінің директоры Сейтказиев Рахат Зауытовичтің Қамқоршылық кеңесі отырысына есебі
А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы білім беретін мектебінің оқу-тәрбие жұмысының тақырыбы «Оқу тәрбие үрдісін ғылыми негізде жетілдіріп жеке тұлғаның танымдық, шығармашылық қабілеттерін арттыру».
Мақсаты: Оқу-тәрбие үрдісін дамыту барысында оқушылардың білім сапасын арттыру.
Мектеп білім алушылары 2018-2019 оқу жылының І тоқсанында 66,5 %,
ІІ тоқсанында 67,6%, ІІІ тоқсанында 68,1% білім сапасын көрсетті.
Мектептегі жалпы білім алушылар саны – 422, сынып комплектісі -29.
1-4 сыныптарда -202, 5-9 сыныптарда -199, 10-11 сыныптарда 21. Мектеп алды даярлық сыныбында -65 бала тәрбие алады.
Мектеп жанындағы «Нұрбақыт» шағын орталығында 75 бүлдіршін тәрбиеленуде.
Мектептегі мұғалімдер саны -68. Білім бойынша: жоғары білімді -63, арнаулы орта -5. Санаты бойынша: жоғары санатта -10, І санатта -18, ІІ санатта -11, санатсыз -29. Биылғы оқу жылында біліктілік тестілеуден өтіп 2 мұғалім сарапшы педагог, 3 мұғалім модератор педагог. Мамыр-маусым айларында өтетін аттестаттауға 14 мұғалім өтініш беріп отыр. Олардың ішінде сарапшы педагогқа 4, модераторға 10. Мұғалімдердің сапалық құрамы, біліктілігі үнемі әкімшілік назарында.
«Нұрбақыт» шағын орталықты балабақшада 9 педагог қызмет жасайды. Олардың жоғары білімдісі -2, 7-уі орта арнаулы білімді педагогтар. Жоғары санатты -1, санаты жоқ -8.
Мектепте барлығы 25 оқу кабинеті бар. Спорт зал 1 оған қажетті спорттық жабдықтар мен мүліктер бар. Білім мекемесінде кітапхана жұмыс істейді. Қазіргі ғаламдану заманында кітаптың маңыздылығы білім мен мәдениет көзі ретінде әлі де төмендеген жоқ. Кітапхана 400 оқырманға қызмет етеді, оның 80% білім алушылар. 120 орындық асхана жұмыс істейді. Білім алушыларды толық ыстық тамақпен қамту үшін асхана жабдықтары жеткілікті. Асханада аз қамсыздандырылған отбасынан шыққан 88 білім алушы тегін ыстық тамақ ішеді. Мәжіліс залы 1, мед кабинет 1.
Мектеп ұстаздары мен білім алушылары түрлі Республикалық, облыстық, аудандық деңгейдегі олимпиадалар мен байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Атап айтсақ аудандық «Үздік дидактикалық қор» байқауында ағылшын тілі пәні мұғалімі Д.Жумабекова ІІ орынды, Эссе жазудан О.Ахметова мен А.Жақсымбетова І орынды иеленді т.с.с. Мектеп білім алушылары да көптеген байқауларға қатысып І,ІІ,ІІІ орындарға ие болып диплом, алғыс хаттармен марапатталды.
Мектеп өміріне ата-аналар мен демеушілер белсене араласып, іс-шараларға қатысып отырады. Жаңа жылдық шыршаға ауыл кәсіпкерлері С.Сашков пен Т.Халкечев бастауыш сыныптың 201 білім алушыларына сыйлық беріп демеушілік көрсетті. Үйде оқытылатын оқушы Исмагулова Айнұрға да сыйлық табыстады. Кәсіпкер Н. Бондаренко аудандық спартакиадаға қатысатын 25 білім алушыға футболкалар сыйлады. Тұрмыс жағдайы төмен отбасы Боранбаева Тазагүлге үнемі көмек көрсетіліп тұрады (азық-түлік, киім). Мектебіміздің тұрақты демеушісі Тұрғымбаев Айдын маусым айына 16 білім алушыға Бурабайдағы «Grend park» демалыс орнына тегін жолдама беріп отыр.
Мектеп ауласы көгеріштендірілді. 60 түп жеміс ағашы, 100 түп раушан гүлі отырғызылды. Ұлы отан соғысы ардагері, Социалистік Еңбек Ері Аманжол Тұрғымбаевтың ескерткішінің айналасына жарық түсіргіштер (фонарь) орнатылды.
Мұғалімдердің демеушілігімен мектепке 2 принтер (түрлі түсті-1, қара-1), мектеп ауласының шөбін шабатын шалғы /газонный косилка/ алынды.
2018-2019 оқу жылын 422 білім алушымен аяқтағалы отырмыз. Олардың ішінде оқу озаттары -63, екпінділері – 222 білім алушы. Биылғы оқу жылында мектепті 11 білім алушы бітіреді. Олардың 6-ы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады. ҰБТ нәтижесінде жақсы көрсеткішке жетеміз деген үміттеміз.
Мектеп директорының құқықтық тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Ж. Имашов жиналысқа қатысып отырған қонақтармен таныстырды.
1 мәселе бойынша Жандос Шеңгелбайұлы өз баяндамасында А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы білім беретін мектебінде 2018-2019 оқу жылында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы мәлімет берді.
Ата-аналарға кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықпен зорлық зомбылықты алдын алу бойынша кеңестер беріп, Қазақстан Республикасының заңдарыңдағы ата-аналардың міндеттері мен жауапкершіліктерін таныстырылған.
Мектеп оқушыларының бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында мектепте спорттық үйірмелер жұмыс жасайды.
Мектеп оқушыларының арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу бойынша «Түнгі ауылдағы балалар, «Көше», «Жасөспірім», атты тақырыпта рейдтері ұйымдастырылып, жүргізілген. Оған жауаптылар: ДҚТЖО, келісім бойынша аумақтық инспектор және кезекші мұғалімдер бекітілген. Рейд барысында мектеп оқушылары арасындағы құқық бұзушылық фактілері тіркелмеген.
2 мәселе бойынша Меркі АІІБ-нің ЖПҚ-нің ЮПТ аға инспекторы полиция майоры М. Абдуллаев берілді.
А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы білім беретін мектебі мен Меркі аудандық ІІБ ЖПҚ-нің ОПТ-мен бірлескен іс-шаралар жоспары жасалынып бекітілген. Іс-шаралар жоспарына сай жұмыстар өз деңгейінде атқарылған.
2017-2018 оқу жылында мөлтек аудандарда қадағалаусыз және панасыз қалған балаларды анықтау мақсатында мектеп әкімшілігі мен педагогтардан топ құрылып рейд жүргізілді. Рейд барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және түнгі мезгілде көшеде бей берекет жүрмеуін қадағалау барысында ешқандай қараусыз және панасыз қалған кәмелетке толмаған анықталмаған 2017-2018 оқу жылында АІІБ-нің ЮПТ-ның есебінде 3 оқушы тұрды. Есептегі оқушылармен жеке түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндірдім.
Ата-аналар арасында ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбилеу жөніндегі міндеттерін орындамаған жағдайда жазаға тартылатындығын туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілген.
А.Тұрғымбаев №7 жалпы білім беретін мектебіне қарасты мөлтек аудан 3 жайсыз отбасы есепте тұрды. Мектеп әкімшілгімен бірлесіп жайсыз отбасылардың үйлерін аралап, әлеуметтік жағдаларының акті-сі толтырылды.Жайсыз отбасыларда тәрбиеленіп жатқан кәмелетке толмағандар сабақтан қалмайды. Отбасы тарапынан балаларға ешқандай қысым жасалмайды.
2018-2019 оқу жылында мектеп пен АІІБ ЖПҚ-ның ЮПТ мен бірілескен жоспар жасалынып бекітілді. Жоспарға сай жұмыстар жүргізілуде мектепте «Полицияның жас көмекшілері тобы» құрылып, топ басшысы тағайымдалып, тобы жұмыс бойынша бағыт бағдар берілді.
2018-2019 оқу жылында АІІБ ЮПТ-ның есебінде тұрған оқушы жоқ.
Өткен мерзім барсында мектеп оқушыларының қатысуымен құқық бұзушылық фактілері тіркелген жоқ.

Қамқоршылық кеңес отырысы директор ИДН есебі
Қамқоршылық кеңес отырысы директор ИДН есебі



Жиналыстың шешімі
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмысты алдын алуда бекітлген полиция инспекторларымен бірлесіп жұмыстар атқарылсын. Мектеп директор Р.Сеитқазиевтің жұмысы қанағаттанарлық деп шешті.
Ата-ана Н.Ниязова
Ата-ана Қ.Молдашева
Т.Рысқұлов а/о маманы – Г.Макаева

Зейнеткер К.Ахамбекова
Ата-ана Даулетова З

хатшысы : М.Ошакбаева

Категория: Мектеп әкімшілігі

 

Мұғалім жетістіктері

Автор: admin от 29-04-2019, 03:05, посмотрело: 466

21
Мұғалім жетістіктері

Категория: ---

 

Мұғалім жетістіктері

Автор: admin от 24-04-2019, 06:55, посмотрело: 404

15
Мұғалім жетістіктері
Мұғалім жетістіктері
Мұғалім жетістіктері
Мұғалім жетістіктері
Мұғалім жетістіктері
Мұғалім жетістіктері
Мұғалім жетістіктері
Мұғалім жетістіктері
Мұғалім жетістіктері
Мұғалім жетістіктері
Мұғалім жетістіктері
Мұғалім жетістіктері
Мұғалім жетістіктері
Мұғалім жетістіктері

Категория: ---

 

Мұғалім жетістіктері

Автор: admin от 24-04-2019, 03:34, посмотрело: 392

31
Мұғалім жетістіктері
Мұғалім жетістіктері

Категория: ---

 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine