№7 А.Тұрғымбаев атындағы орта мектебінде өткізілген «Алтын күз» туралы хабарлама » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№7 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №7 А.Тұрғымбаев атындағы орта мектебінде өткізілген «Алтын күз» туралы хабарлама
02
март
2020

№7 А.Тұрғымбаев атындағы орта мектебінде өткізілген «Алтын күз» туралы хабарлама

№7 А.Тұрғымбаев атындағы орта мектебінде өткізілген «Алтын күз» туралы хабарлама
Қараша айының 14-15 күндері аралығында 2-4, 5-7, 8-10 сыныптар арасында «Алтын күз» байқауы өткізілді. Жас Ұлан ұйымы мүшелеріне байқау барысы түсіндіріліп, тапсырмалар бөлініп берілді.
14 қазан күні 2-4 сынып оқушылары арасында болған байқауда 1-орынды 3 «Ә» сынып иеленсе, 2-орынды 4 «А» сынып оқушылары, ал 3-орынды 4 «Б» сынып оқушылары иеленді
№7 А.Тұрғымбаев атындағы орта мектебінде өткізілген «Алтын күз» туралы хабарлама

15 қазан күні 5-7 сынып оқушылары арасында «Алтын күз» байқауы өткізіліп, әр сынып өздеріне берілген тапсырмаларды орындады. Осы сыныптардың арасында киім үйлесімділігі, өнерлері қадағаланып, жеңімпаздар анықталды. Нәтижесінде І орынды 6 «Ә» сынып оқушылары иеленсе, ІІ орынды 5 «А» сынып оқушылары, ал ІІІ орынды 7 «А» сынып оқушылары иеленді. Жеңімпаздар мақтау қағазымен, сыйлықтармен, ал қалған сыныптар алғыс хаттарымен марапатталды.


Сол күні түстен кейін 8-10 сынып оқушылары аралығында болған байқауда І орынды 9 «А» сынып оқушылары, ІІ орынды
10 «А» сынып оқушылары, ІІІ орынды 10 «Б» сынып оқушылары иеленіп, мақтау қағазымен, сыйлықтармен марапатталды.


« Алтын күздің» өткізілгені туралы «Жас Ұлан» мектеп комитетімен қорытынды жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында байқау қандай дәрежеде өткізілгені туралы айтылып, кемшіліктер мен іс-шараның өткізілу деңгейі және жауаптылардың жұмысы талқыланды.
Тәлімгер: Охапова Г.Ә.