Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

«Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік» атты кең көлемді акция

Автор: admin от 13-02-2019, 04:19, посмотрело: 406

17 «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік» атты кең көлемді акция
А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы білім беретін мектебінде 2019 жылдың 12 ақпанда «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік» атты кең көлемді акция барысында Меркі АПБ-нің ЖПҚ ЮПТ-ның аумақтық аға инспекторы полиция майоры М.Абдуллаев 9 сынып оқушылары ата-аналары арасында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықты алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

«Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік» атты кең көлемді акция
«Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік» атты кең көлемді акция


А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы білім беретін мектебінде 2019 жылдың 13 ақпанда «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік» атты кең көлемді акция барысында 8-11 сынып оқушылары арасында Меркі АПБ-нің ЮПТ-ның аумақтық аға инспекторы полиция майоры М.Абдуллаев қылмыстық, әкімшілік құқықбұзушылық кодекстерінің нормаларын түсіндіру мақсатында дәріс оқып, мектеп оқушыларына жана -жақты түсінік берілді.
«Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік» атты кең көлемді акция
«Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік» атты кең көлемді акция

Категория: Мектеп ұжымы

 

«Мирас» атты кешенді алдын алу шарасы

Автор: admin от 4-02-2019, 05:35, посмотрело: 249

3 А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы білім беретін мектебінде 2019 жылдың 24 қаңтарында «Мирас» атты кешенді алдын алу шарасы барысында 9-11 сынып оқушылары /45оқушы/ арасында кездесу өтті. Кездесудін мақсаты «маскүнемдік, нашақорлық пен уытқұмарлықтың» профилактикасы және жасөспірімдерге қатысты жыныстық тиіспеушілік пен зорлық зомбылықтың, жасөспірімдер қылмысымен байланысты мәселелерді алдын алу. Кездесуге аудандық білім бөлімінің маманы М.Қасымова, аудандық жастар орталығының басшысы Адешова Х, Меркі АПБ-нің ЖПҚБ ЮПТ-ның аумақтық аға инспекторы полиция майоры М.Абдуллаев, ЮПТ-ның инспекторы полиция майоры С. Сымтыков қатысты. Кездесу барысында мектеп оқушыларына жана -жақты түсінік берілді.
 «Мирас» атты кешенді алдын алу шарасы
 «Мирас» атты кешенді алдын алу шарасы
[center][img]http://7-merki.mektebi.kz


Категория: Мектеп ұжымы

 

Өзін - өзі тану "Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" атты дәстүрлі онкүндік декадасы

Автор: admin от 4-02-2019, 05:12, посмотрело: 326

2 Өзін - өзі тану "Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" атты дәстүрлі онкүндік декадасы

Өзін - өзі тану "Махаббат пен Шығармашылық  педагогикасы" атты дәстүрлі онкүндік декадасы



Өзін - өзі тану "Махаббат пен Шығармашылық  педагогикасы" атты дәстүрлі онкүндік декадасы

Өзін - өзі тану "Махаббат пен Шығармашылық  педагогикасы" атты дәстүрлі онкүндік декадасы[/center]

Категория: Мектеп ұжымы

 

“Қыз балалардың жеке гигиенасы бойынша қозғалатын проблемалар” тақырыбында қыздармен өткізілген кеңестің Анықтамасы

Автор: admin от 4-12-2018, 23:11, посмотрело: 1432

6 Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы білім беретін мектебінде
“Қыз балалардың жеке гигиенасы бойынша қозғалатын проблемалар” тақырыбында қыздармен өткізілген кеңестің
Анықтамасы
Мерзімі: 25.10. 2018 жыл
Қатысқандар: 8-11 сынып қыздары
Жалпы қатысқандар саны: 63 оқушы қыздар
Кеңестің жүргізілу барысы:
1. «Сәлемдесу салт жорағысы», «Мен кіммін? Мен қандаймын?» тренинг, жаттығу педагог-психолог:Нысанова А.К.
2. “Қыз балалардың жеке гигиенасы бойынша қозғалатын
проблемалар” Жастар орталығының маманы: Әдешова Қ.
3. Қыздың жеке гигиенасы. Медбике:Джуанышова П.Т.
4. «Қыздар гигиенасы жайлы кеңестер» қыздармен сұхбаттасу. Педагог- психологтар: Нысанова А.К. Джантаева Т.И.
Қыздармен жиналысты мектеп педагог-психологі Нысанова А.К. «Сәлемдесу салт жорағысы»,«Мен кіммін? Мен қандаймын?» тақырыбындағы тренинг және жаттығулар мен бастады. Мақсаты:топты ұйымдастыра білу, эмпатиялық сезімді, жағымды көңіл күйді көтеру, белсенділікті арттыру және өмірлік күшті жинау. Тренинг жаттығудан соң қыздар өз сезімдерімен пікір алмасты.
Бірінші мәселе бойынша“Қыз балалардың жеке гигиенасы бойынша қозғалатын проблемалар” тақырыбы бойынша кеңестер жүргізілді. Жиналыс барысында: «Ұлтымыз қыз баланың ізеттілігі мен мәдениеттілігін — сыртқы бет-пішіні мен киім киісіне қарап бағалаған. «Қыз – өмірдің гүлі»,«Қыз – халықтың гүлі, өлең – сауықтың гүлі»деген даналардың сөзі бар. Сол себепті, қызы тәрбиелі елдің болашағы зор болмақ. Өйткені, ұлттың болашағы қыздың құрсағынан басталады. «Қыз – халықтың гүлі, өлең – сауықтың гүлі» демекші, қыз бала тек сұлулығымен емес, бойына біткен мейірімділік, нәзіктік сияқты қасиеттерімен де көрікті. Қазақ халқы қыздың тәрбиесіне ерекше мән беріп, аялап өсірген. Нарықтық заманның талабы өзгерсе де, бойындағы ұяңдық нұрын сөндірмей, қазақ қызына тән болмысын бұзбай жүргендер де жетерлік. Алайда, бес саусақтың бірдей болмайтынындай, «арзан» алтынға қымбат қасиеттерін алмастыруға дайын қыздарымыз да жоқ емес.
Қарғыстың жаманы «өзің білме, білгеннің тілін алма» деген ғой. Орынсыз киiну, орынсыз жүрiс-тұрыс қыз бала затының қыздық, нәзiктiк, сыпайылық көркiне нұқсан келтiретiн қылық екенiн естен шығаруға болмайды. «Ана – бала тәрбиесіндегі ерекше тұлға. Дана Абай бабамыз қазақ әйелінің, ананың отбасындағы орнын ерекше жырлайды. Жалпы «Адам бойындағы барлық қасиеттер ананың ақ сүтімен жаралған» – деген ғұламалық ойды тарата келе, осы қасиеттің міндетті түрде тәрбиеленуі туралы айтады.Бала – ата-анасының игі істерінің жалғастырушысы, болашағы. Бала тәрбиесі – ата-ана үшін күрделі де, жауапты міндет.
Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да жаманға да бірдей бейім болатыны баршымызға мәлім.
Ата-ананың үйіндегі әрекеті балаларының көз алдында өтеді, сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор.
Әрбір ата-ана – өзінің баласын Отанға пайдалы, өзіне мейірімді, еңбекқор, адамгершілігі мол адам етіп тәрбиелеуге халық алдында да, мемлекет алдында да жауапты. Бірде-бір ата-ананың бала тәрбиесіне немқұрайды қарауға еркі жоқ. Егерде ол, бала өсіруде қате жіберсе, осалдық байқатса, қартайғанда опық жейтіні, өкінішке ұрынатынына ешбір дәлелдеп жатуды қажет етпейтін ақиқат. Бала тәрбиесі туралы сөз болғанда: «Баланы жастан» – деген халық даналығын ұмытуға ешкімнің хақысы жоқ» Ана деген қыздың бірінші сырлас жандосына айналуы тиіс. Өз отбасында бала ата-ананың қамқорлығына, шексіз сүйіспеншілігіне бөленіп, әке мен ананың жақсылығы мен дәулетінің қызығын көріп қана қоймай, адамгершілік, әдеп-инабат тағылымдарын алуы, оларды меңгеріп іс- жүзінде қолдануы ынта мен ықылас, қайрат пен қажыр ететін жолынан өтуге тиіс.
Екінші мәселе бойынша «Қыздардың жеке гигиенасы кеңес» мектеп медбикесі Джуанышова П.Т. өз сөзінде:қыздарға жеке бас гигиенасы туралы және қыздардың бойындағы ерекше қасиет ана болу мәселесі жайында ашық түрде әңгіме жүргізіп, көптеген кеңестер берді. Кеңес беру барысында қыздардың сән қумай, бояуды бытыстырып жақпай, денеге жабысқан киім кимеу, етегі қысқа киімдер кимеу, шашатарын жайып, өздерін сорақы көрсетпей, айналасындағыларға боянып сыланып әдемі көрініп, ер адамдардың өздеріне көңілін аударып, ерте жастан жеңілтек атанбау үшін, өз бойындағы табиғи сұлулықты сақтау керектілігі айтылып түсіндірілді. Сонымен қатар еркекпен ерте жақындасудың зардабы да, салдары да көп. Ойда жоқта жүкті болып қалу – жас қыздардың денсаулықтарын құртады, көптеген жағдайларда өмірлеріне қатты нұсқан келтіреді. Тұңғыш рет баланы алдырып тастау, яғни аборт жасату - әйелді бедеу етуі, түсініктірек айтсақ екінші рет бала бітпеуі мүмкін. Қазір бедеулікке тұңғыш біткен баланы алдыртып тастау себепкер болып отыр деп өз сөздерін аяқтады.
Үшінші мәселе бойынша мектеп психологтары Нысанова А.К. мен Джантаева Т.И. Қыздарға арналған кеңестер бойынша Мақсаты: қыз балаларға жақсы мінез, салауатты өмір салтын сақтауды қалыптастыру, дұрыс күтім жасауға үйрету.
Жас қыздарға арналған кейбір дәстүрлі кеңестерді ұсынды. Денсаулықты қалай күте білу, әдемі де сүйкімді көріну, сізді қоршаған жандарға жағымды көріне білудің құпиясын туралы айтылды.Төмендегі ретпен бірқатар кеңестер жүргізілді.
Денсаулықты күте біл.
- Кез келген қыз бала денсаулығы мықты болуы үшін салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды іс әрекеттерден аулақ болуы қажет.
Темекі тарту, алкогольді ішімдіктен татып алу – тіпті аз тұтынсаңыз да, бұл сіздің бет әлпетіңізге кесірін тигізеді.
Уақыты келгенде байқайсыз, бет терісі сұрланып, беттің терісіндегі тесіктері үлкейіп, көз қызарады. Ол кезде бет терісіндегі кемшілікті ешқандай опа - далаппен жасыра алмайсыз.
Егер сырқаттанып қалсаңыз, міндетті түрде емделіңіз, денсаулыққа көп көңіл бөліңіз. Деннің сау болғаны – бақыт. Денсаулық бар кезінде оны бағаламайсың, егер сәл бір жеріңіз ауырса, сонда барып денсаулықтың қадірі қаншалықты екенін түсінесің ол кезде денсаулық қайта қалпына келтіру қиын болуы мүмкін.
Қыстың күні жылы киін.
- Егер сәнді киінемін деп қысты күні де жұқа жалғыз шұлықпен (колготка) қысқа белдемше киетін болсаң, онда таң қалма, оның соңы жақсы болмайды.
Бой жетіп тұрмыс құрған кезде бала көтере алмай, түсік тастап неше түрлі қиындыққа тап болу қаупін ескерткім келеді. Егер болашақта тұрмыс құрып, ана атану ойыңда болса, қазірден өзіңді және денсаулығыңды күт!
Денені шынықтыр.
- Күнделікті денсаулыққа уақыт бөл – жеңіл спорт түрімен айналыс, денені шынықтыр. Сонымен қоса жан сұлулығына да көңіл бөл. Әдемі әуен тыңдап, романтикалық кинолар мен комедиялық фильмдер қара. Біліміңді толықтыратын видео сабақтар, түрлі кітаптар оқы.
Өзіңді әрдайым сүй сонымен қоса жауапкершілікті сезініп, тәртіпке әрқашан бағына біл!
Түрлі қиындыққа тап болған жағдайда мықты бол.
Түрлі қиындыққа тап болған жағдайда көңіл - күйіңді түсірме, болған жағдайға басқа қырынан қарап көр, адам қателік жасамауы мүмкін емес, өйткені сол қателіктер арқылы біз өмірді танып білеміз. «Сүйген жігітің хабарласпай, кездесуден де бас тарттыма? Бұған бола ренжудің, жылаудың қажет жоқ. Себебі біреу – сен жассың сенің өмірің әлі алда. Сені қажет етпейтін адамға уақытыңды босқа кетірме! Сені жақсы көруі үшін өзгені мәжбүрлей алмайсың.
Өмірдің қуаныш пен шаттыққа толы сәттерін есіңе ал. Стреске салынудан аулақ бол! Өз - өзіңеайт: «Бұл болмашы ғана қиындық, бұдан мен тек күш аламын және шыңдала түсемін». Бұл шынымен де солай.
Көңілді әрі шынайы адамдармен қарым – қатынас жаса.
Өсек – өтірікке жаны құмар жандардан аулақ бол!
Кез – келген қиындыққа мойыма, көңіл бөлуге тұрмайтын жандарға бұрылып та қараудың қажеті жоқ. Барлық жағдайды ақылға сала отырып шешуге тырыс, сондаТабиғат ана да саған көтеріңкі көңіл - күй, мықты денсаулық пен болашаққа деген сенімділік сыйлайды.
Қыс мезгілінде ерінді күте біл.
Еріннің жұқа терісі қыстың аязды суығына төзімсіз болғандықтан жарылып кету мүмкін. Бұндай қиындықтумасүшін, дәріханадан ерінге арналған гигиеналық ерін далабын (помада) алып қойған дұрыс. Ерін далабы еріннің жұмсақ терісінде ылғалдықты сақтайды.
Тырнақты қай уақытта егеу дұрыс?
Моншаға немесе ваннаға түсіп шыққансоң, тырнақты егей бастау дұрыс емес. Бұл тырнаққа зиянды болып есептеледі. Тырнақты егеуді ваннаға түсер алдын жасаған жөн. Тырнақты егеген кезде бір жаққа қарай егеу керек, ары – бері егеу зиянды, тырнақ қабыршақтану, тез сыну осының әсерінен яғни ары - беріегеуденболады.
Тырнақты күту.
Егер тырнақ сынғыш болса, онда келесі кеңесіме назар аударыңыздар. Тырнақты бояудан тазалап, тырнақты жақсылап еге (маникюр).
Таза тырнақтың үстіне 5 % иод ерітіндісін жақ, бұны жатар алдында жасаған дұрыс, таңға дейін иод тырнаққа сіңеді. Бұл шараны 10 күн жасау қажет.
Психологтар мынадай дәлелді келтіреді: сырт келбеті арқылы әйел әлемге өзін таныстырады. Табиғаттың әйелді қалай жаратқандығына қарай,ол өзіне өзгелердің таңданысы пен өкінішін тудыра алады. Өз-өзіңізге күтім жасауды қолға алыңыз және әдетке айналдырыңыз. Сұлулыққа ұмтылу — наздық емес, асыра сілтеушілік те емес.
Өзіңізге айналадағы жандардың тарапынан жағымды әсер қалдыру үшін әдемі болып жүру маңызды. Ал әдемілік немен өлшенеді деген сұраққа жауап іздеп көрелік.
Шаштың түсі мен ұзындығы, қас пен кірпіктің қалыпты жағдайда болуы, киім киюдегі стиль — кез келген бойжеткен мен келіншектің айнасы. Алайда, барлық ханымдар есте ұстайтын бірнеше ережелер бар. Бір қызығы, әдемі болып көріну үшін шығындалудың қажеті шамалы. Бірақ, ескерту қатал: ережелерді бұзбай, күнделікті сақтап отыру қажет. Бір сәтте ханшайымға айналып шығу тек ертегілерде ғана болады. Ал өмірде ханшайым болу үшін, өмір бойы тынбай күтініп жүру керек.
Қорытынды:
Сұлулық бізді қуантып, әсерге бөлейді.Сұлу болғың келсе, әдемі нәрселерге талпын. Айналаңды әдемі заттар мен толтыруға болады, мұражайларға баруға болады, өнер туындыларының тылсым сырына үңілуге болады, ұшы-қиыры жоқ әдемілікті іздеп, табиғат аясына шығуға болады. Бірақ ең алдымен өз жүрегіңнің, жанынның сұлулығын іздеу, жасау қажет. Егер ішкі жан дүниеңде мейірімділіктің, махаббаттың сұлулығы болмаса, сұлулық уақыт өте келе көмескілене түседі.
“Қыз балалардың жеке гигиенасы бойынша қозғалатын проблемалар”  тақырыбында қыздармен өткізілген кеңестің Анықтамасы
“Қыз балалардың жеке гигиенасы бойынша қозғалатын проблемалар”  тақырыбында қыздармен өткізілген кеңестің Анықтамасы
“Қыз балалардың жеке гигиенасы бойынша қозғалатын проблемалар”  тақырыбында қыздармен өткізілген кеңестің Анықтамасы
“Қыз балалардың жеке гигиенасы бойынша қозғалатын проблемалар”  тақырыбында қыздармен өткізілген кеңестің Анықтамасы
“Қыз балалардың жеке гигиенасы бойынша қозғалатын проблемалар”  тақырыбында қыздармен өткізілген кеңестің Анықтамасы
“Қыз балалардың жеке гигиенасы бойынша қозғалатын проблемалар”  тақырыбында қыздармен өткізілген кеңестің Анықтамасы

Ұсыныс:
1.Қыздармен ананың қарым-қатынасы және жеке өмірінде болып жатқан өзгерістер жайында хабардар болып отыруды жалғастыру.
2. Қыздармен аналар мектебінің жұмысын әрі қарай жандандыру.


Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖББМ
педагог-психологтары: Нысанова А.К. Джантаева Т.И.

Категория: Мектеп ұжымы

 

Дүниежүзілік балалар күніне арналған «Бала құқығы-адам құқығы» атты республикалық онкүндіктің іс-шаралар жоспары

Автор: admin от 22-11-2018, 00:51, посмотрело: 896

6 А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы білім беретін мектебінде 2018 жылдың 19-30 қарашасы аралығында Дүниежүзілік балалар күніне арналған «Бала құқығы-адам құқығы» атты республикалық онкүндіктің іс-шаралар жоспары құрылып, жұмыстар атқарылуда.
19 қараша күні мектепішілік 8-11 сынып оқушыларының арасындағы жиында Дүниежүзілік балалар күніне арналған «Бала құқығы-адам құқығы» атты республикалық онкүндіктің іс-шаралар жоспары мен мақсаты таныстырылды.
20 қараша күні 9-11 сынып оқушылары арасында «Заң және біз» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Меркі АПБ-нің ювенальдық полиция тобының аумақтық аға инспекторы полиция майоры Абдуллаев М. қатысты. Дөңгелек үстелде «Балалардың құқықтары» тақырыбында видеоролик көрсетіліп, оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы жан-жақты мәлімет берілді.
21 қарашада мектеп оқушыларының құқықтық сауатылығын арттыру мақсатында лекторлық топ мүшелері 7-8 сынып оқушылар арасында «Бала. Құқықбұзушылық және жауапкершілік» тақырыбында дәрістер оқыды.
Дүниежүзілік балалар күніне арналған  «Бала құқығы-адам құқығы»  атты республикалық онкүндіктің іс-шаралар жоспары
Дүниежүзілік балалар күніне арналған  «Бала құқығы-адам құқығы»  атты республикалық онкүндіктің іс-шаралар жоспары
Дүниежүзілік балалар күніне арналған  «Бала құқығы-адам құқығы»  атты республикалық онкүндіктің іс-шаралар жоспары
Дүниежүзілік балалар күніне арналған  «Бала құқығы-адам құқығы»  атты республикалық онкүндіктің іс-шаралар жоспары



Категория: Мектеп ұжымы

 

2018-2019 оқу жылы

Автор: admin от 21-11-2018, 03:21, посмотрело: 312

4 Мурталиева Жансая Маратқызы даярлық сынып педагогы
2018-2019 оқу жылы

2018-2019 оқу жылы
2018-2019 оқу жылы

Категория: Мектеп ұжымы

 

2018-2019 оқу жылы

Автор: admin от 21-11-2018, 00:45, посмотрело: 303

2 Биткембаева Гулнар Бижамбековна бастауыш сынып педагогы
2018-2019 оқу жылы
2018-2019 оқу жылы
2018-2019 оқу жылы

Категория: Мектеп ұжымы

 

2018-2019 оқу жылы

Автор: admin от 19-11-2018, 23:15, посмотрело: 352

2 Сақыбай Айбек Қайратұлы математика пәнінің педагогы

2018-2019 оқу жылы


2018-2019 оқу жылы

Категория: Мектеп ұжымы

 

Қамқоршылық кеңес хатамма №1

Автор: admin от 13-11-2018, 05:26, посмотрело: 436

2 Жамбыл облысы Меркі ауданы №7 А.Тұрғымбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі
«Қамқоршы» күні атқарылған іс шара туралы мәлімет

29 қазан айында 2018 жылы мектебімізде Республикалық «Қамқоршы» күні аталып өтті. Бұл күні оқушылар демалыста болсада жоғарғы сынып оқушылары келіп 8 «ә» сыныбының оқушысы мүмкіндігі шектеулі үйден оқытылатын Исмагулова Айнұрға мерекелік іс шара сыйлады. Оқушылар дайындалып келген. Оқушыға деген өз қамқорларын көрсету мақастында Айнұрға тәттілер дайындап / торт, пироженное,т./ мектептің әлеуметтік педагогы бастауымен оқушының үйне бардық. Сонымен қатар оқушылар өз өнерлерін дайындаған атап айтатын болсақ Оралбаев Нұрсұлтан «Адай» күйін тартып оқушының көнілін көтерді. Сағиева Арайлым «Үнді» биін биледі,мектеп психологы «Мейірімді жүрек» атты тренинг өткізді. Мектеп оқушылары Айнұрға сиқырлы фокустар көрсетіп онымен бірге құанышқа бөленді. Айнұрдың ата-анасы ризашылығын білдіріп оқушыларға және мектеп ұстаздарына рахмет айтты.

Қамқорлық акциясы

Тақырыбы: «Қамқорлыққ»
Қамқоршылық кеңес хатамма №1
Қамқоршылық кеңес хатамма №1
Қамқоршылық кеңес хатамма №1

Мақсаты: Балалардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, әлеуметтік жағдайы төмен балаларға көмек көрсету, оқушыларды кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу.
Жүргізуші: Қайырымды бола білу үлкен іс,
Үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетіп.
Жақсылықты жаса қолдан келсе егер,
Біле білсең өзің үшін ол жеңіс.

Құрметті оқушыла, ата-аналар! Мектебімізде өтікен қайырымдылық акциясының жабылуына орай ұйымдастырылған «Қайырымдылық – жылы жүректен» атты тақырыбындағы мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!Жүргізуші: Балаларды қорғау керек бәрінен,
Қардан, қыстың қаһарынан, кәрінен.
Қорғау керек нәзік гүлдей аялап,
Жан шуағы, мейірім, бақыт, қуаныш
Балаларға бөлінбесін алалап.
Жүргізуші: Мектебіміздің күйшісі Оралбаев Нұрсұлтанның орындауындағы «Адай» күйімен ортаға шақырамыз.

Жүргізуші: Егеменді еліміздің жарқын болашағы – бүгінгі жас бүлдіршіндер. Сондықтан, барлық игі жақсылық пен жүрек жылылығы балғын балаларға арналады.
Жүргізуші: Неткен құдірет! Күн ғой сәби күлгені,
Жарқыратып жібереді-ау дүниені
Жетеді ме күлгеніне сәбидің.
Жарты әлемнің барлық жалын гүлдері.- дей келе, кезекті
«Үнді» биімен, Сағиева Арайлымды ортаға шақырамыз.
Жүргізуші: Мейірімділік – ғажайып өмір есегі,
Мейірімді болсаң, сазды әуенмен тербетілер бесігің.
Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің,
Мейірімсіз болсаң, Алладан болмас кешірім.
Қол ұшын бер жетімдерге жылаған,
Қайтарма қолын ананың көмек сұраған

Жүргізуші:
Сүйкімділер, періштелер сендерсің,
Қандай бейне өздеріңе тең келсін.
Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,
Ең алдымен балалықты меңгерген
Сендер дағы өздеріңше күрессең,
Өздеріңше сендер де өмір сүресің.
Болашақты жалғау үшін болашақ,
Бола жатар сендердің де үлесің.
Жүргізуші:
Осымен өткізілген қайырымдылық акциямызды аяқтай келе, баршаңызға балаларға деген жүрек жылуын бөлісуге атсалысып, ыстық ықыластарыңыз бен аялы алақандарыңызды созып, балғын бөбектерге адамдық мейірімділік пен жомарттық танытқандарыңызға рахмет айта отырып, келгендеріңізге алғысымызды білдіреміз.
Жүргізуші:
Бала – бауыр етіміз. Сондықтан да балалардың өмірі жарқын болып, аман болсын. Қош, Сау болыңыздар!



/uploads/posts/2018-11/1542107690_2.png[/img]
Қамқоршылық кеңес хатамма №1
Қамқоршылық кеңес хатамма №1[/center]

Категория: Мектеп ұжымы