Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Қамқоршылық кеңес

Автор: admin от 7-12-2019, 00:26, посмотрело: 46

0
Қамқоршылық кеңес
Қамқоршылық кеңес
Қамқоршылық кеңес
Қамқоршылық кеңес

Категория: Мектеп әкімшілігі

 

Қамқоршылық кеңес

Автор: admin от 7-12-2019, 00:26, посмотрело: 37

0
Қамқоршылық кеңес
Қамқоршылық кеңес
Қамқоршылық кеңес
Қамқоршылық кеңес

Категория: Мектеп әкімшілігі

 

Қамқоршылық кеңес

Автор: admin от 6-12-2019, 22:55, посмотрело: 27

0
Қамқоршылық кеңес
Қамқоршылық кеңес
Қамқоршылық кеңес

Категория: Мектеп әкімшілігі

 
 
 
 

Қамқоршылық кеңес отырысы директор ИДН есебі

Автор: admin от 16-05-2019, 00:39, посмотрело: 370

21 Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы білім беретін мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қамқоршылық кеңестің отырысы

ХАТТАМА №5

Интернационал ауылы 16 мамыр 2019ж.
Өтілген орны : №7 ЖББМ
Уақыты : 10.00
Аяқталған уақыты : 10.50
Хатшының аты-жөні: Ошакбаева М.Ж
Қатысқандар: 11

1. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары – Г. Інкәрбекова
2. Мектеп директоры Р.Сеитқазиев
3. Әлеуметтік педагог –М.Ошакбаева
4. ДТІЖО-А.Канибетова
5. Н.Ниязова –ата-ана
6. Қ.Молдашева –ата-ана
7. Т.Рысқұлов а/о маманы – Г.Макаева
8. Ахамбекова К.-зейнеткер
9. Даулетова З.- ата-ана
10. ДОІЖО-Г.Інкәрбекова
11. Мектеп инспекторы –М.Абдуллаев

Күн тәртібінде :
1. 1.2019 жылы 16 мамыр айында А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы білім беретін мектебінің директорының Сейтқазиев Рахат Зауытұлының қамқоршылық кеңес алдында берген есебі.
2. А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы білім беретін мектебінде құқықтық тәрбие жұмысы мен қылмыстың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстың есебі
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қылмысты болдырмау бағытында бірлесіп жүргізілген жұмыстар

ЮПТ-ның аға инспекторы полиция майоры М.Абдуллаев

3.Әр түрлі мәселелелер.
А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы білім беретін мектебінің директоры Сейтказиев Рахат Зауытовичтің Қамқоршылық кеңесі отырысына есебі
А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы білім беретін мектебінің оқу-тәрбие жұмысының тақырыбы «Оқу тәрбие үрдісін ғылыми негізде жетілдіріп жеке тұлғаның танымдық, шығармашылық қабілеттерін арттыру».
Мақсаты: Оқу-тәрбие үрдісін дамыту барысында оқушылардың білім сапасын арттыру.
Мектеп білім алушылары 2018-2019 оқу жылының І тоқсанында 66,5 %,
ІІ тоқсанында 67,6%, ІІІ тоқсанында 68,1% білім сапасын көрсетті.
Мектептегі жалпы білім алушылар саны – 422, сынып комплектісі -29.
1-4 сыныптарда -202, 5-9 сыныптарда -199, 10-11 сыныптарда 21. Мектеп алды даярлық сыныбында -65 бала тәрбие алады.
Мектеп жанындағы «Нұрбақыт» шағын орталығында 75 бүлдіршін тәрбиеленуде.
Мектептегі мұғалімдер саны -68. Білім бойынша: жоғары білімді -63, арнаулы орта -5. Санаты бойынша: жоғары санатта -10, І санатта -18, ІІ санатта -11, санатсыз -29. Биылғы оқу жылында біліктілік тестілеуден өтіп 2 мұғалім сарапшы педагог, 3 мұғалім модератор педагог. Мамыр-маусым айларында өтетін аттестаттауға 14 мұғалім өтініш беріп отыр. Олардың ішінде сарапшы педагогқа 4, модераторға 10. Мұғалімдердің сапалық құрамы, біліктілігі үнемі әкімшілік назарында.
«Нұрбақыт» шағын орталықты балабақшада 9 педагог қызмет жасайды. Олардың жоғары білімдісі -2, 7-уі орта арнаулы білімді педагогтар. Жоғары санатты -1, санаты жоқ -8.
Мектепте барлығы 25 оқу кабинеті бар. Спорт зал 1 оған қажетті спорттық жабдықтар мен мүліктер бар. Білім мекемесінде кітапхана жұмыс істейді. Қазіргі ғаламдану заманында кітаптың маңыздылығы білім мен мәдениет көзі ретінде әлі де төмендеген жоқ. Кітапхана 400 оқырманға қызмет етеді, оның 80% білім алушылар. 120 орындық асхана жұмыс істейді. Білім алушыларды толық ыстық тамақпен қамту үшін асхана жабдықтары жеткілікті. Асханада аз қамсыздандырылған отбасынан шыққан 88 білім алушы тегін ыстық тамақ ішеді. Мәжіліс залы 1, мед кабинет 1.
Мектеп ұстаздары мен білім алушылары түрлі Республикалық, облыстық, аудандық деңгейдегі олимпиадалар мен байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Атап айтсақ аудандық «Үздік дидактикалық қор» байқауында ағылшын тілі пәні мұғалімі Д.Жумабекова ІІ орынды, Эссе жазудан О.Ахметова мен А.Жақсымбетова І орынды иеленді т.с.с. Мектеп білім алушылары да көптеген байқауларға қатысып І,ІІ,ІІІ орындарға ие болып диплом, алғыс хаттармен марапатталды.
Мектеп өміріне ата-аналар мен демеушілер белсене араласып, іс-шараларға қатысып отырады. Жаңа жылдық шыршаға ауыл кәсіпкерлері С.Сашков пен Т.Халкечев бастауыш сыныптың 201 білім алушыларына сыйлық беріп демеушілік көрсетті. Үйде оқытылатын оқушы Исмагулова Айнұрға да сыйлық табыстады. Кәсіпкер Н. Бондаренко аудандық спартакиадаға қатысатын 25 білім алушыға футболкалар сыйлады. Тұрмыс жағдайы төмен отбасы Боранбаева Тазагүлге үнемі көмек көрсетіліп тұрады (азық-түлік, киім). Мектебіміздің тұрақты демеушісі Тұрғымбаев Айдын маусым айына 16 білім алушыға Бурабайдағы «Grend park» демалыс орнына тегін жолдама беріп отыр.
Мектеп ауласы көгеріштендірілді. 60 түп жеміс ағашы, 100 түп раушан гүлі отырғызылды. Ұлы отан соғысы ардагері, Социалистік Еңбек Ері Аманжол Тұрғымбаевтың ескерткішінің айналасына жарық түсіргіштер (фонарь) орнатылды.
Мұғалімдердің демеушілігімен мектепке 2 принтер (түрлі түсті-1, қара-1), мектеп ауласының шөбін шабатын шалғы /газонный косилка/ алынды.
2018-2019 оқу жылын 422 білім алушымен аяқтағалы отырмыз. Олардың ішінде оқу озаттары -63, екпінділері – 222 білім алушы. Биылғы оқу жылында мектепті 11 білім алушы бітіреді. Олардың 6-ы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады. ҰБТ нәтижесінде жақсы көрсеткішке жетеміз деген үміттеміз.
Мектеп директорының құқықтық тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Ж. Имашов жиналысқа қатысып отырған қонақтармен таныстырды.
1 мәселе бойынша Жандос Шеңгелбайұлы өз баяндамасында А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы білім беретін мектебінде 2018-2019 оқу жылында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы мәлімет берді.
Ата-аналарға кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықпен зорлық зомбылықты алдын алу бойынша кеңестер беріп, Қазақстан Республикасының заңдарыңдағы ата-аналардың міндеттері мен жауапкершіліктерін таныстырылған.
Мектеп оқушыларының бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында мектепте спорттық үйірмелер жұмыс жасайды.
Мектеп оқушыларының арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу бойынша «Түнгі ауылдағы балалар, «Көше», «Жасөспірім», атты тақырыпта рейдтері ұйымдастырылып, жүргізілген. Оған жауаптылар: ДҚТЖО, келісім бойынша аумақтық инспектор және кезекші мұғалімдер бекітілген. Рейд барысында мектеп оқушылары арасындағы құқық бұзушылық фактілері тіркелмеген.
2 мәселе бойынша Меркі АІІБ-нің ЖПҚ-нің ЮПТ аға инспекторы полиция майоры М. Абдуллаев берілді.
А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы білім беретін мектебі мен Меркі аудандық ІІБ ЖПҚ-нің ОПТ-мен бірлескен іс-шаралар жоспары жасалынып бекітілген. Іс-шаралар жоспарына сай жұмыстар өз деңгейінде атқарылған.
2017-2018 оқу жылында мөлтек аудандарда қадағалаусыз және панасыз қалған балаларды анықтау мақсатында мектеп әкімшілігі мен педагогтардан топ құрылып рейд жүргізілді. Рейд барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және түнгі мезгілде көшеде бей берекет жүрмеуін қадағалау барысында ешқандай қараусыз және панасыз қалған кәмелетке толмаған анықталмаған 2017-2018 оқу жылында АІІБ-нің ЮПТ-ның есебінде 3 оқушы тұрды. Есептегі оқушылармен жеке түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндірдім.
Ата-аналар арасында ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбилеу жөніндегі міндеттерін орындамаған жағдайда жазаға тартылатындығын туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілген.
А.Тұрғымбаев №7 жалпы білім беретін мектебіне қарасты мөлтек аудан 3 жайсыз отбасы есепте тұрды. Мектеп әкімшілгімен бірлесіп жайсыз отбасылардың үйлерін аралап, әлеуметтік жағдаларының акті-сі толтырылды.Жайсыз отбасыларда тәрбиеленіп жатқан кәмелетке толмағандар сабақтан қалмайды. Отбасы тарапынан балаларға ешқандай қысым жасалмайды.
2018-2019 оқу жылында мектеп пен АІІБ ЖПҚ-ның ЮПТ мен бірілескен жоспар жасалынып бекітілді. Жоспарға сай жұмыстар жүргізілуде мектепте «Полицияның жас көмекшілері тобы» құрылып, топ басшысы тағайымдалып, тобы жұмыс бойынша бағыт бағдар берілді.
2018-2019 оқу жылында АІІБ ЮПТ-ның есебінде тұрған оқушы жоқ.
Өткен мерзім барсында мектеп оқушыларының қатысуымен құқық бұзушылық фактілері тіркелген жоқ.

Қамқоршылық кеңес отырысы директор ИДН есебі
Қамқоршылық кеңес отырысы директор ИДН есебі



Жиналыстың шешімі
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмысты алдын алуда бекітлген полиция инспекторларымен бірлесіп жұмыстар атқарылсын. Мектеп директор Р.Сеитқазиевтің жұмысы қанағаттанарлық деп шешті.
Ата-ана Н.Ниязова
Ата-ана Қ.Молдашева
Т.Рысқұлов а/о маманы – Г.Макаева

Зейнеткер К.Ахамбекова
Ата-ана Даулетова З

хатшысы : М.Ошакбаева

Категория: Мектеп әкімшілігі

 

Діни экстремизм хаттамасы

Автор: admin от 12-02-2019, 06:10, посмотрело: 1747

4
[/center]А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы білім беретін мектеп


Интернационал ауылы 7.02. 2019 ж.

«Деструктивті діни ағымдарға қарсы іс-қимылдар» тақырыбындағы аудандық ішкі істер басқармасы мамандарының қатысуымен кездесу өтырысының
хаттамасы

Төрағалік етуші: Алғашқы әскері даярлық мұғалімі
Қатысқандар: мектеп ұстаздары мен кіші қызметкерлер /46 адам/
Шақырылған қонақтар: Меркі аудандық ҰҚК бөлімінің қызметкері Нығметов Марат Жеңісұлы, Меркі АПБ ЭҚІҚТ аға уәкілі полиция майоры Байтаков Ербол Мыңбайұлы.

Күн тәртібінде:

1. «Деструктивті діни ағымдарға қарсы іс-қимылдар» терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу

Тыңдалды:
1. Кіріспе
Мектепте діни экстремизм идеяларының таралуын болдырмау және алдын алу жұмыстары барысында бір қатар ағымды жұмыстар жүргізуде, соның бірі бүгінгі болғалы отырған кездесуымыз.
Кездесуге келген қонақтарды таныстыру
1.Меркі аудандық ҰҚК бөлімінің қызметкері Нығметов Марат Жеңісұлы, 2.Меркі АПБ ЭҚІҚТ аға уәкілі полиция майоры Байтаков Ербол Мыңбайұлы
2. Сөз кезегі қонақтарға берілді.
1.Меркі аудандық ҰҚК бөлімінің қызметкері Нығметов М.Ж.
Террористік іс-әрекеттерді жүзеге асыратын адам немесе топтасқан қауым «террорист» деп аталады. Террорист жеке адам және қоғам тыныштығын бұзатын, мемлекет тәртібі мен қауіпсіздігіне қатер төндіретін немесе қатерге ұшырататын іс-шараларды, заңға қайшы жұмыстарды іске асыратын жеке және заңды тұлғалар болып табылады.
Айналаңызда қараусыз қалған сөмке, қорап, түйіншек, чемодан, қапшықтарға әсіресе олардың ішінен шығып тұрған сымдар мен техникалық құрылғыларға, сондай-ақ, қоғамдық көліктерде күдікті, оғаш қылықты
- күдікті заттарды сақтаудан немесе жолда тасымалдап көмектесуден бас тартыңыз;
- құқық қорғау органдары қызметкерлері жеке бас құжаттарын тексергенде түсіністікпен қараңыз және оларға көмек көрсетіңіз;
- қалыптасқан жағдай туралы жаңалықтарды қарап отырыңыз.
2.Меркі АПБ ЭҚІҚТ аға уәкілі полиция майоры Байтаков Ербол Мыңбайұлы
Терроризмнің мақсаты — мемлекеттердің, халықтардың рационалды түрде ойлауларына, бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүрулеріне кедергі жасау. Сонымен бірге қоғамда дүрбелең тудырып, көшеде, жұмыс және дем алатын жерлерде, халықтың көп шоғырланған орталарында, сауда саттық орталықтарында оқу және мәдениет ошақтарында кез-келген уақытта бүлік шығарып, үрей тудыру.
Терроризм актісі жасалуының нақты мүмкіндігі туралы расталған ақпарат болған кезде, - жеке басты күаландыратын құжатыңызды барлық жерде және үнемі өзіңізбен бірге алып жүріңіз;
Аса қажеттілік болмаса адам көп жиналатын жерлерге бармауға тырысыңыз;
Өзіңіз отырған ғимаратта сыртқа шығатын қосымша есіктердің болуын тексеріп, ғимарат сызбасын зерделеңіз;
Көлемді жүк алып жүрмеуге тырысыңыз;
Үйіңіздің жанында бейтаныс адамдардың және автокөліктердің пайда болуына назар аударыңыз.

[center]Діни экстремизм хаттамасы
Діни экстремизм хаттамасы









Мектеп директоры: Сейтказиев Р.З.

Категория: Мектеп әкімшілігі

 

А.Тұрғымбаев атындағы № 7 жалпы білім беретін мектебі бойынша 2018-2019 оқу жылының I жартыжылдығында оқушыларды мектеп асханасында ыстық тамақпен қ

Автор: admin от 11-01-2019, 04:47, посмотрело: 404

4 А.Тұрғымбаев атындағы № 7 жалпы білім беретін мектебі бойынша 2018-2019 оқу жылының I
жартыжылдығында оқушыларды мектеп асханасында ыстық тамақпен қамту жұмысы туралы
Ақпарат

Интернационал ауылы 06.01.2019 жыл

2018 жылдың қыркүйегінде мектептің әлеуметтік қызметі 2017-2016 оқу жылында мектеп асханасында оқушыларды бір мезгіл ыстық тамақпен қамту мақсатында аз қамтылған отбасынан шыққан баланың тізімін анықтап, тізімі құжаттарымен бірге аудандық білім бөліміне тапсырылды. Аталған бағытта жұмыстар атқару мақсатында жұмыс жоспары құрылып, тиісті бұйрықтар шығарылып, жоспар мектеп басшысымен бекітілді.
Тамыз айында педагогикалық кеңесте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №198 бұйрығына сай «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес 16 аз қамтылған отбасынан шыққан 75 оқушының тізімі анықталып, бекітіліп, олар мектеп асханасында бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылатын балалар тізіміне енгізілді. Әлеуметтік санатына қарай 59 (елу тоғыз) оқушы – атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасынан шыққан бала болып отыр. 75 баладан I- ауысымда 35 бала оқыса, II- ауысымда қалған 40 бала оқуда.
2018 жылдың қыркүйек - желтоқсан айларында сенбі, жексенбі күндерін есептемегендегі аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға кәсіпкер тарапынан азық-түлік алынып, алынған азық-түлік мектеп асханасына жеткізіліп отырды.
А.Тұрғымбаев атындағы № 7 жалпы білім беретін  мектебі бойынша 2018-2019 оқу жылының  I жартыжылдығында оқушыларды мектеп асханасында ыстық тамақпен қ
А.Тұрғымбаев атындағы № 7 жалпы білім беретін  мектебі бойынша 2018-2019 оқу жылының  I жартыжылдығында оқушыларды мектеп асханасында ыстық тамақпен қ

Мектептің директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Инкарбекова Г.Т. мектептің жалпы оқушыларды бір мезгіл ыстық тамақпен қамту жұмысына жауапты болып бекітіліп, мектептің медбикесі – Джуанышова Парида мектеп директорының 03.09.2018 жылғы №90 бұйрығы негізінде құрылған тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның құрамына кірді. Комиссия төрағасы болып мектеп директоры Р.Сейтказиев бекітіліп, құрамында 7 мүшесі бар аталған комиссия тобы мектеп асханасында балалардың ыстық тамақпен қамтылуын апта сайын қадағалап тексеруде.Тексеріс нәтижесі тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның мектеп асханасында жүргізген тексерулерін тіркеу (бракераж) журналына тіркеліп отыр.
Тексеру барысында комиссия тобы біріншіден асхананың санитарлық жағдайы, екіншіден тамақтану кезінде оқушылардың санитарлық-гигиеналық тазалық талаптарын сақтауы, жеткізілген тамақ өнімдерінің сапасына, тағам өнімдерінің және дайын болған тағамдардың сақтау мерзімдері мен жағдайларының сақталуы, үшіншіден тағамдарды дайындау технологиясына тоңазытқыш - технологиялық жабдықтардың жарамдылығы тексеріліп отырылады.Өз кезегінде асхана аспазшылары Н.Қуандықова өз қызметтерін жауапкершілікпен атқаруда.
Оқу жылы басында медбикелер тарапынан мектепте оқып жатқан балалар арасынан «Д» тобында (Вираж тобы) тұрған балалардың тізімі анықталып, олар өз ретінде сабаққа түрлі себептермен келе алмай қалған оқушылардың орнына күнделікті алмастырылып отыр. Сабаққа келмей қалған оқушылар сынып жетекшілерінің көмегімен анықталып, оларды Вираж тобындағы оқушылармен алмастыру жұмысы мектеп медбикесі тарапынан қадағаланып отыр.
Мектеп асханасы қажетті құралдармен жабдықталған.Арнайы стендтерде оқушыларды бір мезгіл ыстық тамақпен қамту жұмысына байланысты бұйрықтар, асхананың жұмыс істеу кестесі ілініп, тиімді және дұрыс тамақтану бұрыштары жасалған. Бүгінгі күні мектеп асханасында аз қамтылған отбасынан шыққан 18 оқушы, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасынан шыққан 66 білім алушылар тегін бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылса, қалған мектептің оқушылары ата-аналар есебінен күніне 200 (екі) теңге мөлшерінде буфеттен тамақтануда.
А.Тұрғымбаев атындағы № 7 жалпы білім беретін  мектебі бойынша 2018-2019 оқу жылының  I жартыжылдығында оқушыларды мектеп асханасында ыстық тамақпен қ
А.Тұрғымбаев атындағы № 7 жалпы білім беретін  мектебі бойынша 2018-2019 оқу жылының  I жартыжылдығында оқушыларды мектеп асханасында ыстық тамақпен қ

Мектеп асханасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылымминистрінің міндетін атқарушының 31.12.2015 жылғы №717 бұйрығымен бекітілген «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларының» 222 тармағымен тыйым салынған өнімдерді (қуырылған тағамдар, сағыз, конфет және т.б.) мектеп асханасында сатуға жол бермеу, балалардың тамақтанар алдында қолдарын жуып, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауы, асханада оқушыларға арналған қайнатылған судың уақтылы, арнайы ыдыста болуы және балалардың сатып алған тағамдармен тек мектеп асханасында тамақтануы мектеп әкімшілігі, кезекші мұғалімдер тарапынан күнделікті қадағалануда. Сонымен қатар ата-аналарға арналған ашық есік күнін өткізу мақсатында арнайы журнал ашылып, мектеп басшысымен түптеліп, бекітілді. Аталған бағыт бойынша жұмыс тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия мүшелері тарапынан үнемі қадағалануда және алдағы уақытта да қадағаланады деген сенімдемін.
Ақпарат дайындаған:
ДОТІЖ орынбасары Инкарбекова Г.Т.


Категория: Мектеп әкімшілігі

 

"Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласын талқылау барысында өткен жиналысы туралы мәлімет

Автор: admin от 22-11-2018, 00:29, посмотрело: 1015

3 А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы білім беретін мектебінде 21 қараша 2018ж. Елбасы Н.А.Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласын талқылау барысында өткен жиналысы туралы мәлімет

22.11.2018 жА.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы білім беретін мектебінде
21 қараша 2018ж. Елбасы Н.А.Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласын талқылау жиналысы өтті. Жиналысқа 57 адам қатысты, оның ішінде мұғалімдер – 36, ата-аналар комитетінің мүшелері – 21.
Жиналысты мектеп директорының тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары А.М.Канибетова ашып берді, ол Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласымен қысқаша таныстырып өтті.
Келесі сөз кезегін мектеп директоры Сейтказиев Р.З. берілді. Ол өз созінде Президент xалқымыздың анықталуы жөнінде анық айтты. Біз кім екеніміз жөнінде сұрақ болуы мүмкін емес. Бізде әркез қазақстандық идеология қандай екендігі жөнінде сұрақтар туындап жатады. Бағытымыз қандай, нені насиxаттайтынымыз жөнінде. Президент өз мақаласымен xалқымыздың қандай екендігі жөнінде анықтап берді. Руxани жаңғыруда біз ұлттық кодымызды ұмытпай, әлемге өзімізді таныту, бірақ бар ғаламға, жаңалыққа ашық танытып отырыуымыз керек. Біз кім екендігімізді танып қана қоймаймыз, оны ары қарай зерттеумыз керек, осыған байланысты алдымызда көптеген жұмыстарды жүзеге асыру міндеті тұр.
Келесі сөз кезегі диретордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Имашов Ж.Ш. берілді. «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы бір сөзбен айтқанда ғажап бағдарлама. «Дала фольклорының антологиясын» жасау керектігіне кеңінен тоқталған.
Атап айтқанда, көнерген сөздер мен мәтіндерді суреттерімен қоса беруге, айқын видеоматериалдар формасында ұсынуға болады. Музыкалық дыбыстар мен әуендер табиғи аспаптармен ғана емес, олардың заманауи электронды нұсқалары арқылы да шығарылады. Сонымен қатар фольклорлық дәстүрдің ортақ тарихи негіздерін іздеу үшін Қазақстанның түрлі өңірлері мен өзге елдерге бірнеше іздеу-зерттеу экспедицияларын ұйымдастыру қажет»
"Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласын талқылау барысында өткен жиналысы туралы мәлімет
"Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласын талқылау барысында өткен жиналысы туралы мәлімет
"Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласын талқылау барысында өткен жиналысы туралы мәлімет


Мектеп директоры: Сейтказиев Р.З.

Категория: Мектеп әкімшілігі

 
Назад Вперед