» Материалы за Январь 2019 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

А.Тұрғымбаев атындағы № 7 жалпы білім беретін мектебі бойынша 2018-2019 оқу жылының I жартыжылдығында оқушыларды мектеп асханасында ыстық тамақпен қ

Автор: admin от 11-01-2019, 04:47, посмотрело: 404

4 А.Тұрғымбаев атындағы № 7 жалпы білім беретін мектебі бойынша 2018-2019 оқу жылының I
жартыжылдығында оқушыларды мектеп асханасында ыстық тамақпен қамту жұмысы туралы
Ақпарат

Интернационал ауылы 06.01.2019 жыл

2018 жылдың қыркүйегінде мектептің әлеуметтік қызметі 2017-2016 оқу жылында мектеп асханасында оқушыларды бір мезгіл ыстық тамақпен қамту мақсатында аз қамтылған отбасынан шыққан баланың тізімін анықтап, тізімі құжаттарымен бірге аудандық білім бөліміне тапсырылды. Аталған бағытта жұмыстар атқару мақсатында жұмыс жоспары құрылып, тиісті бұйрықтар шығарылып, жоспар мектеп басшысымен бекітілді.
Тамыз айында педагогикалық кеңесте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №198 бұйрығына сай «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес 16 аз қамтылған отбасынан шыққан 75 оқушының тізімі анықталып, бекітіліп, олар мектеп асханасында бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылатын балалар тізіміне енгізілді. Әлеуметтік санатына қарай 59 (елу тоғыз) оқушы – атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасынан шыққан бала болып отыр. 75 баладан I- ауысымда 35 бала оқыса, II- ауысымда қалған 40 бала оқуда.
2018 жылдың қыркүйек - желтоқсан айларында сенбі, жексенбі күндерін есептемегендегі аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға кәсіпкер тарапынан азық-түлік алынып, алынған азық-түлік мектеп асханасына жеткізіліп отырды.
А.Тұрғымбаев атындағы № 7 жалпы білім беретін  мектебі бойынша 2018-2019 оқу жылының  I жартыжылдығында оқушыларды мектеп асханасында ыстық тамақпен қ
А.Тұрғымбаев атындағы № 7 жалпы білім беретін  мектебі бойынша 2018-2019 оқу жылының  I жартыжылдығында оқушыларды мектеп асханасында ыстық тамақпен қ

Мектептің директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Инкарбекова Г.Т. мектептің жалпы оқушыларды бір мезгіл ыстық тамақпен қамту жұмысына жауапты болып бекітіліп, мектептің медбикесі – Джуанышова Парида мектеп директорының 03.09.2018 жылғы №90 бұйрығы негізінде құрылған тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның құрамына кірді. Комиссия төрағасы болып мектеп директоры Р.Сейтказиев бекітіліп, құрамында 7 мүшесі бар аталған комиссия тобы мектеп асханасында балалардың ыстық тамақпен қамтылуын апта сайын қадағалап тексеруде.Тексеріс нәтижесі тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның мектеп асханасында жүргізген тексерулерін тіркеу (бракераж) журналына тіркеліп отыр.
Тексеру барысында комиссия тобы біріншіден асхананың санитарлық жағдайы, екіншіден тамақтану кезінде оқушылардың санитарлық-гигиеналық тазалық талаптарын сақтауы, жеткізілген тамақ өнімдерінің сапасына, тағам өнімдерінің және дайын болған тағамдардың сақтау мерзімдері мен жағдайларының сақталуы, үшіншіден тағамдарды дайындау технологиясына тоңазытқыш - технологиялық жабдықтардың жарамдылығы тексеріліп отырылады.Өз кезегінде асхана аспазшылары Н.Қуандықова өз қызметтерін жауапкершілікпен атқаруда.
Оқу жылы басында медбикелер тарапынан мектепте оқып жатқан балалар арасынан «Д» тобында (Вираж тобы) тұрған балалардың тізімі анықталып, олар өз ретінде сабаққа түрлі себептермен келе алмай қалған оқушылардың орнына күнделікті алмастырылып отыр. Сабаққа келмей қалған оқушылар сынып жетекшілерінің көмегімен анықталып, оларды Вираж тобындағы оқушылармен алмастыру жұмысы мектеп медбикесі тарапынан қадағаланып отыр.
Мектеп асханасы қажетті құралдармен жабдықталған.Арнайы стендтерде оқушыларды бір мезгіл ыстық тамақпен қамту жұмысына байланысты бұйрықтар, асхананың жұмыс істеу кестесі ілініп, тиімді және дұрыс тамақтану бұрыштары жасалған. Бүгінгі күні мектеп асханасында аз қамтылған отбасынан шыққан 18 оқушы, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасынан шыққан 66 білім алушылар тегін бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылса, қалған мектептің оқушылары ата-аналар есебінен күніне 200 (екі) теңге мөлшерінде буфеттен тамақтануда.
А.Тұрғымбаев атындағы № 7 жалпы білім беретін  мектебі бойынша 2018-2019 оқу жылының  I жартыжылдығында оқушыларды мектеп асханасында ыстық тамақпен қ
А.Тұрғымбаев атындағы № 7 жалпы білім беретін  мектебі бойынша 2018-2019 оқу жылының  I жартыжылдығында оқушыларды мектеп асханасында ыстық тамақпен қ

Мектеп асханасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылымминистрінің міндетін атқарушының 31.12.2015 жылғы №717 бұйрығымен бекітілген «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларының» 222 тармағымен тыйым салынған өнімдерді (қуырылған тағамдар, сағыз, конфет және т.б.) мектеп асханасында сатуға жол бермеу, балалардың тамақтанар алдында қолдарын жуып, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауы, асханада оқушыларға арналған қайнатылған судың уақтылы, арнайы ыдыста болуы және балалардың сатып алған тағамдармен тек мектеп асханасында тамақтануы мектеп әкімшілігі, кезекші мұғалімдер тарапынан күнделікті қадағалануда. Сонымен қатар ата-аналарға арналған ашық есік күнін өткізу мақсатында арнайы журнал ашылып, мектеп басшысымен түптеліп, бекітілді. Аталған бағыт бойынша жұмыс тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия мүшелері тарапынан үнемі қадағалануда және алдағы уақытта да қадағаланады деген сенімдемін.
Ақпарат дайындаған:
ДОТІЖ орынбасары Инкарбекова Г.Т.


Категория: Мектеп әкімшілігі

 

Қамқоршылық кеңес отырысы

Автор: admin от 2-01-2019, 23:59, посмотрело: 383

7 Қамқоршылық кеңес отырысы

ХАТТАМА № 7
Интернационал ауылы «28» желтоқсан 2018 ж.

Қамқоршылық кеңесінің жиналысы
Төрағасының аты-жөні: Н.Калиниченко
Хатшының аты-жөні: М.Ошакбаева
Қатысқандар:
Күн тәртібінде:
1. Аудандық, облыстағы президент шыршасына қатысқан оқушылар туралы мәлімет
2.Әлеуметтік жағдайы төмен отбасына шыққан оқушылардың киіммен қамтылуы мен ыстық тамақпен қамтылуы туралы
3. Мектеп инспекторының есебі.
4. Әр түрлі мәселелер ( Білім беру үйымдарында балалардың қауыпсіздігін сақтау, қауып төндіретін орындар мен тұлғалар туралы ақпаратты қадағалау туралы.

Бірінші сұрақ бойынша мектептің әлеуметтік педагогы М.Ошакбаева президент шыршасы мен аудан әкімінің шыршасына барған оқушылар туралы сөз сөйледі:
Биылғы оқу жылында аудан әкімінің шыршасына аудандық білім бөлімінің хабарламасына сүйене отырып көп балалы отбасынан шыққан ұздік 5 «ә» сынып оқушысы Тұңғатар Ерғанат президет шыршасына Тараз қаласына барып жаңа жылдық сыйлықтар алып қайтты. Ал аудан әкімінің М.Өмірбековтың балаларға арналған шыршасына мектептегі көп балалы жартылай жетім ұздік оқушылар қатысты. Олар: Омар Нұргүл 6 «А» сынып оқушысы, Бердібай Гүлзат 4 ә сынып оқушысы Амантаева Алтынай 7 ә сынып оқушысы қатысып жаңа жылдық сыйлықтар алып қайтты. Балалардың құанышы шексіз екенін айтып өтті. Биылғы жылы мектептің демеушілері С.Сашков, Н.Калиниченко, Т.Халкечев сынды азаматтар жылдағыдай мектептегі 250 балаға жаңа жылдық сыйлықтар таратты.
Екінші сұрақ бойынша мектептің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Инкарбекова сөз сөйледі . Мектептегі аз қамтамасыздандырылған отбасынан шыққан оқушылар мен әлеуметтік атаулы көмек алатын оқушылардың ата-аналарының «Каз Почта» орталығында аштырылған есеп шоттарына мектепте ыстық тамақпен қамтылған әр балаға 15,000 мың тенге көлемінде қаражат түскені туралы айтты. Ата-аналар аталған қаражатқа балалалрына қыстық аяқ-киіммен курткалар алып берген. Оқушылар толық киіммен қамтылған, мектеп асханасынан күніне бір мезгіл ыстық тамақ пен қамтылғанын айтып өтті.
Үшінші сұрақ бойынша мектеп инспекторы М.Абдуллаев кенес алдында өз есебін берді. 2018-2019 оқу жылында Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы білім беретін мектебінде – 407 оқушы қамтылған. Оның - 197 бастауыш сынып оқушылары. Қазақ, орыс, карашай, түрік, құмық, болкар, корей, қырғыз ұлттының өкілдері білім алады.
Аз қамсыздандырылған оқушы саны – 84
Өгей әкемен тұратын оқушы саны – 5
Өгей анамен тұратын оқушы саны –1
Қамқорлыққа алынған оқушы жоқ.
Жартылай жетім оқушы саны –20
Көпбалалы отбасы саны – 106
Толық емес отбасында тұрған оқушы саны -15
Мектепішілік бақылауда тұрған оқушы жоқ.
АІІБ-де тізімдік бақылау есебінде тұрған оқушы жоқ.
«Қауіпті аймақ» ретінде құрылысы аяқталмаған – 3 обьект танылған.
2018-2019 оқу жылында Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы білім беретін мектебінде оқушылары арасында құқықтық тәрбие жұмыстарын жаксарту, қылмыстың алдын алу және оны болдырмау мақсатында мектепке бекітілген полиция қызметін үйлестіру жөніндегі бірлескен жоспар Меркі АІІБ ЖПҚ-нің бастығымен келісіліп, мектеп директорымен бекітілген. Жоспар жылдық және әрбір тоқсан бойынша құрылған. Жоспарға сәйкес: №7 ЖББМ оқушылары арасында құқық бұзушылықпен қылмыстың алдын алу бойынша профилактикалық және құқықтық жұмыстар жүргізу,құқықбұзушылықтың алдын алу кеңесімен айына 1 рет құзіреттілігі шегінде мәселелерді қарау, АІІБ-де тізімдік және профилактикалық бақылауда тұратын, мектепішілік бақылауда тұратын оқушылар және «Жайсыз отбасында тәрбиеленетін» балалардың үйірме, секцияларға қатысып, қамтылуын қадағалау, аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау комиссия отырысына ұсыныстар жолдау және бірлескен рейдтік іс-шараларын жүргізу көзделген.
Жоспарға сәйкес 2018-2019 оқу жылының І жарты жылдығында төмендегідей жұмыстар атқарылды:
2018-2019 оқу жылында №7 ЖББМ-ның оқушылары арасында зорлық-зомбылықтың алдын алу, қылмыстың және құқықбұзушылықтың профилактикасы, суицидтің алдын алу, жол қауіпсіздік ережелерін сақтау және тағы басқа тақырыптарда 21 түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, оқушылармен 17 кездесу, ата-аналармен 1 жиналыс, 3 дөңгелек үстелдер өткізілген.
Мектептің ішкі тәртіп Ережесі оқушыларға дерлік таныстырылған. Оқушылар мектептің ішкі тәртіп Ержесі сай тәртіп бұзушылықтар болған жоқ.
Қыркүйек –желтоқсан аралығында 4 рет құқықтық кеңес отырысы болып, жайсыз отбасыларын АІІБ-нен түзелуіне байланысты профилактикалық бақылау есебінен шығару және тағыда басқа мәселелер бойынша қаралды.
«Жасөспірім», «Жаяу жүргінші», «Түнгі қаладағы балалар», «Мен және менің полицейім» атты Республикалық, облыстық жедел алдын алу іс-шаралары өткізілді.
Мектеп әкімшілігімен АІІБ бірлесе жұмыстар атқарып, күндізгі және түнгі рейдтік іс-шаралары жүргізілді. Мектепішілік рейдтер жүргізіліп, оқушылардың ұялы телефондар, смартфондарына, қымбат, бағалы заттарына мұқият болу қажеттігі ескертіліп, 2018-2020 жылдарға арналған Ұрлыққа қарсы қылмыстың алдын алу, жолын кесу бойынша құрылған жоспарына сәйкес, түсіндірме жұмыстары жүргізілген.
№7 ЖББМ орнатылған бейне-камераларына акт толтырылып, қажеттіліктер көрсетілген.
Бірлескен рейдтік іс-шарасы барысында: түнгі мезгілде ата-анасының ертуінсіз ойын-сауық мекемесінде жүрген оқушылар анықталған жоқ.
Қылмыстық құқық бұзушылық фактілері 2018-2019 оқу жылының І жарты жылдығында №7 ЖББМ-де орын алған жоқ.
2018 жылдың қыркүйек- желтоқсан айларында №7 ЖББМ-нің оқушылары құқық бұзушылық жасағаны анықталған жоқ. АІІБ-не профилактикалық бақылау есебіне 2 ата-ана «Жайсыз отбасы» ретінде есепке алынған.
Профилактикалық жұмыстар жандандырылуда.
Әр түрлі мәселелер бойынша мектептің директордың құқықтық іс жөніндегі орынбасары Ж.Имашев ауылдық округнің айналасында қауыпті аймақ жанынынан өткенде абай болу, құдікті азаматтардың әрекеттерінен сақтанып тиісті орындарға хабарлап жан жақты болу керек екенін ескертті. Қысқы демалыс кезінде от шашырайытын (салют, взрывчатка т.б) қауыпті заттардан аулақ болуы және су айдындарына бармау, мұз үстінде ойнамау тағы басқа қауіпсіздік шаралар бойынша айтты. Демалыс уақытында ата-ана балаға жауап беретіні туралы да айтты.
Шешім: Мектеп инспекторының дайындаған есебі қанағаттанарлық, демалыс мезгіліндегі балалардың өмір қауіпсіздігі үшін жауапты ата-аналар екенін ескерттті.


ҚК төрағасы Н.Калиниченко «Тоня» ЖШС басшысы
ҚК орынбасары Т.Халкечев «КАРТ Дюрт»ЖШС басшысы
Мүшелері :
Г.Макаева а/о маманы
С.Сашков ата-ана
З.Даулетова ата-аналар комитетіңін төрайымы
Н.Рахметов жеке кәсіпкер
Н.Ниязова –ата-ана
Қ.Молдашева –ата-ана
Қ.Ахымбекова- ата-ана/зейнеткер/


Қамқоршылық кеңес отырысы
Қамқоршылық кеңес отырысы
Қамқоршылық кеңес отырысы
Қамқоршылық кеңес отырысы

Категория: Мерекелік іс-шаралар